Page 216 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 216

Тоқтасар  сайысқанда  бір  түйін  бар,
                    Аптығып  неге  керек  күні  бұрын!
                    Кемшілік  қалдырмай   айт  болса  менде,
                    Айтпаймын   «мінім  жоқ»  деп  сенше  мүлде
                    Жүк   басқан   қыр  арқасын   қара  нардай,
                    Мешеулеп   сен  отырсың  әлі  күнге.
                    Орғисың  сөзге  келсе  ор  қояндай,
                    Жүрсең  де  міндетіңді  атқара  алмай.
                    «Отыз  бір»,  кокс берер  «І-бис»
                    Соларың  оңып  тұр  ма  артта   қалмай?
                    Борышын   көтере  алмай  Волков  отыр,
                    Болдырып,   көзі  терлеп  боз  тарландай.
                    Мүлтіксіз  мін  жоқ  болса  тресіңде,
                    Отанның   мынау  қанды  күресінде —
                    Майданға   қанша  көмір  жөнелтілмей
                    Жатқаның   тресіңде  білесің  бе?
                    —  Артып,  жөнелт,  аманат  сақтама  —деп,
                    Айтпайсың   мұны  неге  тресіңе?
                    Өзіңді  өзің   құр  мақтап  дауырықпа,
                    Бір  барар  сөз  түйіні  төрешіге,
                    Түйілме  қара  бұлттай  маған  төніп,
                    Жарқ   еткен  нажағайдай  көкті  сөгіп.
                    Сертіңді,  Көшен   қалай  орындайсың,
                    Көміріңнен  жатса  егер  күл  көп  өніп?
                    Алдында   бассейннің   ұяттысың,
                    Былғасаң   көміріңді  күлмен  көміп.
                    Кировтың   атындағы  алып  шахтаң,
                    Себебін  білемісің  артта  жатқан!
                    Еңбектің  өніміне  кесел  жасап,
                    Лаваны   сол  шахтада  кім   құлатқан?
                    Бәтиев,   Ұяласов  кінәлі  оған,
                    Мақтаулы   азаматың  манағы   айтқан.
                    Өзің  айтшы,  кінәлі  қандай  адам?
                    Белгілі,  айтпасаң  да  бәрі  маған.
                    Байжанов,  Субботин   мен  Арыновың,
                    Берейін  атын  атап  Көшен  саған.
                    Білесің  Онченко  мен   Қошемасов
                    Бір   қырсық  етегіңнен  жатқан  басып,
                    Түзеткені  моторды  былай  тұрсын,
                    Жандырғаны    кетіпті  оннан  асып.
                    Шахтаңды    «Он  екінші»  жүрсің  көрмей,
                    Неліктен  онда  жатыр  көмір  өнбей?
                    Бассейн  көлемінде  аты  шығып,
                    Шахта   еді  бұрын  келген  бәйге  бермей.
                    Жуықта   сол  шахтаны  газ  алғанда,
                    Білмеймін  көп  алған  ба,  аз  алған  ба?
                    Сондағы   бас  инженер  Гридинің
                     Осының  кінәсынан  тазарған  ба?
                    Айтайын   құлақ   қойып,  сөзге  бақсаң,
   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221