Page 223 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 223

Жөтеліп  бес  минутте  зорға  шыққам,
                          Қоңырсық,  тұман,  түтін  кеудем  шалып.
                          Ол,  ол  ма,  жарық  та  жоқ  жатақ  үйде,
                          Бір  үйде  сан  адам  бар  үйме-жүйме.
                          Жорғалап   жел  көтерсе  борайды  екен
                          Төгілген  үй  іргелей  топырақ,  күл  де.
                          «Екінші»,  «Үшінші»  мен  және  «Алтыншы»,
                          «Оныншы»,   «Сегізінші»  нашар  күйде.
                          Қайсыбір  комендантың-ай,   қарай  ма,
                          Көрмейді  көзі  ағарғыр,  неге  күнде?
                          Әлде  сізде  берілген  жоспар  бар  ма
                          Қандала,  тарақан  мен  шаң,  бүргеге?
                          Жолдеке,  бұл  жағынан  нормаң  толық,
                          Айтарсың  бөліп-бөліп  өзің  түрге.
                          «Жиырмасыншы»     шахтаңа  да  аузым  барад,
                          Айтуға  үгіт  ісі  жоқ  деп  мүлде.
                          Жолдеке,  айтар  сөзден  сен   қайтпайсың,
                          Әрине,  кемшілікті  байыптайсың,
                          Күнде  завал  жасаған,  ақылыңды,
                          Бакин  мен  Девчункоге  неге  айтпайсың?
                          Мен  айтсам,  кесек-кесек  күшімді  айтам,
                          Өрнекті,  өнегелі  ісімді  айтам,
                          Шығарған   өз  миымен  түрлі  станок,
                          Пашков   пен  Макаровтей  кісімді  айтам.
                          Әйелден  тап  алты  жүз  алпыс  алты
                          Кадрдың  оқып  шыққан,   кетті  даңқы.
                          Жолдеке,  бұған  төлеу  табалмайсың,
                          Өзгеше  тресімнің  бұл  бір  Салты.
                          Тағы  айтсам,  тағы-тағы  әлденеше
                          Еріме  тоқталамын  көбінесе.
                          Жоспарын   он  бес  күндік  Иманбаев,
                          Орындап   шыққан  жоқ  па  күні  кеше?!
                          Көмірді   қабат-қабат  бұлттай  шөккен,
                          Қопарып   қабырғадай   қоңын  сөккен.
                          Тауықов,  Әубаевтей  ерімді  айтсам,
                          Жолдеке,  жоқ   қой  деймін  маған  өкпең?!
                          Алып  пен  алыбымды    салыстырдым,
                          Алмас  пен  алмасымды  шабыстырдым.
                          Айтысып,  топтың  түсіп  талқысына,
                          Сіресіп   қабырғамды   қайыстырдым.
                          Қырандай   шоли  келіп  айналамды,
                          Ісімді  көпшілікке  таныстырдым!


                                            Жолдыкей
                          Жеткенді  көтере  айттық  желпіндіріп,
                          Алмас  тіл  жалқ ауларды  кетті  тіліп,
                          Отанға  берілген  сөз  орындалса,
                          Сол  адам  бәйге  алмақшы  үздік  шығып.
   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228