Page 219 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 219

Актысын  тыға  берсе  бастық  қаттап
                         Качкалов,  Алшыбаев,   Нұрғалиев,
                         Жұмысқа    бой  салмайды  басын  иіп.
                         Фокс  пен  Пракова  жылмаң  қағып,
                         Қолдары   сәті  түсті  кетсе  тиіп,
                         Бірнеше   құты  кеткен  мұнан  басқа
                         Құр  ие  адамың  көп  ішер  асқа.
                         Менде  көп  кесек  пішін  алып  ерлер,
                         Жарыста   сан  айдасқан  атты  алысқа.
                         Орындап,  Отанына   берген  сертін,
                         Шалқайтып   кере   қарыс  түрген  бөркін,
                         Жаһанның    жалғыз  шамын   қуандырып
                         Ерім  көп  нұрландырған  айдай  көркін;
                         Бірі  іні,  бірі  бауыр,  біреуі  аға,
                         Не  дүрсін  жарыстарда  сала-сала
                         Ерлерім   қия   қырқып,   құз   құлатқан
                         Жүнісов,   Қозыбағаров,  Күлтәнова.
                         Атақты  асқар  таудай  батыр  Нұров,
                         Қажымай    қара  тасты   қолмен   ұрып,
                         Шашыратып,    шар  болаттың  ұшқынындай,
                         Көрсеңіз  от  жағады  қарай  тұрып.
                         Әбенов,  Козлова,  Шайдыр,  Нейман,
                         Халық   үшін  керегедей  қанат  жайған,
                          Кісің  жоқ  жүз  мақтансаң  осылардай
                          Бауырдай  көк  коксті  тіліп  жарған.
                          Шкода,  Верезина,  Жұмашевтің,
                         Жері  жоқ,  алған  міндет,  серттен  тайған.
                         Ерім  көп  айта  берсең  тағы  талай,
                          Естіген  қол  дүрсілің  сонау  майдан.
                          Ғазизден  басқа  айтарлық  кісің  жоқ  па,
                         Осындай   дабысына   қалған   қайран?

                                           Жолдыкей:
                             Бұлбұлсың   ақын  Көшен,  қонған  гүлге,
                         Жұрт  құмар,  тамылжыған    Сіздің  үнге,
                          Орғисың  ақбөкендей  орағытып,
                          Бір  сөзді  айтайын  деп  алсаң  тілге.
                          Орғыма,  орағытпа,  орал  бері,
                          Ойлама.  артықпын  деп  менен  гөрі,
                          «Озам»  деп  сендей  жүйрік  сан  жарыста,
                          Көбінің  босқа  кеткен  су  боп  тері.
                          Боласың  бірде   қыран,  бірде  тұлпар,
                          Пайдалы  мұның   саған  бар  ма  жері?
                          Боласың,  кейде  тайлақ,  кейде  бура,
                          Сөзің  көп  үлгі  алатын  өнегелі,
                          «Арыстан  айға  шауып  мертігіпті»,
                          Келмесін  тегі  жаным  соның  кері.
                          Алқынып   айға  созба   құлашыңды,
                          Мінеки,  сынға  түстік,  сыр  ашылды.
   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224