Page 215 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 215
Шахтамды көрмеген соң амал бар ма,
«Жиырма алты», «Үшінші бис» жас алыпты
Барады қалай аузың жамандарға?
Алыптық жарасады маған айтсам,
Көтерем, қанша жүкті ауыр артсаң,
Кесек күш, көрсетейін өрнекті істі,
Шын, жаным, тай-таласып қарсылассаң.
Алысқа Алатаудай даңқы кеткен,
Бұрғысы тау талқандап, тасты түткен.
Еңбекте еңіреген ерлерім көп,
Қара жер қайратынан қалш-қалш еткен,
Бекбосын Сыйқымбаев жетпіс асқан,
От шығад ол ұрғанда қара тастан,
Ел болып аттанғалы ел қорғауға,
Қажыры үдеп асты балуан жастан.
Бекеңнен жас кадрлер өнеге алып,
Қажырың қылшылдатып кекке жанып,
Көмірді мыңдап артық бергендіктен,
Майданда ерлер жатыр каруланып.
Машев, Асқаров пен Балғабаев,
Көпіртіп күнде соқты тауды жарып.
Көмірден солар берген шықса қайнап,
Сегіз мың ауыр танк ойнақ салып.
Болса да Наполеондай қалың қолдар,
Қалмай ма біздің ерден талқандалып?
Кім артық Бабаев пен Әйбековтен,
Қопарған кен тамырын тартып түптен,
Аз күнде артық берген көмірлері,
Асып тұр төрт мың үш жүз зеңбіректен!
Бір ғана Байжановтың өзінікі,
Артады дәл отыз мың пулеметтен.
Осындай қарумен ел қаруланса,
Қоя ма жауды құртпай төңіректен?!
Жұмысың ел сүйсінер бар ма осындай,
Істелген балуандықпен майданға сай?
Дем алып, тыныққанша, ой ойланып,
Сөйлеп қал, ал ақыным, абыржымай.
Жолдыкей:
Алса да, орғып, жүйткіп жүйрік тілің
Алыптың айтпай тұрсың шындық сырын
Көсемге берілген серт орындалмай,
Айтасың «озықпын,— деп,— анағұрлым».
Аузыңа бар алғаның үш-ақ шахтаң,
Түп-түгел айтып өттің қайсыбірін.
Болмаса, мақтауыңа сыймады ма,
Көзіңнің өтіп пе едің салып қырын?
Кестелі, сөзің сырлы болса дағы,
Бойыңда тұр ақыным таудай мінің.