Page 217 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 217
Есептеп зияныңды шотқа қақсаң,
Екі мың бес жүз танк болар еді,
Кеміткен көміріңді танкке шақсам.
Сол танк қан майданға жатса барып,
Бірнеше дивизия қаруланып,
Қынадай қырмас па еді немістерді
Желіккен жау тобына ойран салып.
Тетігін не қиынның оңай тапқан,
Көмірді қардай күреп бұрқыратқан.
Атылып арыстандай сом қайратпен,
Алмастай, ақ қайласы құз құлатқан.
Асау кен, басын иіп, саз балшықтай,
Талқандап тас көмірді құмша уатқан,
Секілді Бодықбеков кісің бар ма,
Майданның сұрағанын беріп жатқан?
Табысы жарты жылдық жоспардан тыс,
Екі танк, мың винтовка жау жайратқан!
Кісің жоқ, сан мақтасаң Жүнісовтей,
Ол барған ауыр жұмыс қалмас бітпей.
Отанға берген сертін орындаған,
Арымен азаматтық тізе бүкпей.
Бергені жоспардан тыс екі танк,
Өршітіп, өр қайратын кекке жанып.
Мұз қатқан кірпігіне, жер тітіреп,
Ерлердей жекпе-жекке тұрған барып.
Винтовка мыңнан аса тағы берді,
Ақиқат есептесең шотқа салып.
Көмірге Әбдікенов қойса бетті,
Қара тас талқандалып үн боп кетті.
Көк сөккен нажағайдай жарқылдатып,
Мақсаты алмақ еді жаудан кекті.
Өзінің мойнындағы жоспардан тыс,
Ол берді бес жүз қырық зеңбіректі.
Қаһарлы қаһарманым Қырықбаев,
Қырындап қия баспас серттен тайып,
Жақ пар тас қайласынан сан сұлаған,
Ашынып ер қайпаты тым ұлғайып.
Тоғыз мың пулёметті майданға арнап,
Бергені іс емес пе таңғажайып!
Бойында арыстандай бар асау күш,
Дұшпанға өңі суық ызғарлы қыс.
Беріпті бір жүз отыз зеңбіректі,
Батырым Шіргінбаев жоспардан тыс.
Игі іске Митрофанов болған негіз,
Шалқардай шалқып жатқан күші теңіз.
Майданға жоспардан тыс жөнелткені
Он екі танк, зеңбірек отыз сегіз.
Ғазиздей бар ма сенде таңдаулы адам,
Еңбектің ең шыңына басқан қадам?