Page 218 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 218
Атағы Үрістемдей жерді жарып,
Қара тас қайратынан қалтыраған.
Еңбегі бассейнде бағаланып,
Қос орден омырауында жарқыраған.
Осындай болса адамың қоймай сөйле,
Берейін сөз кезегін Көшен саған.
Көшен:
Жолдеке, қалай-қалай алдың басып,
Кемерін тулап соққан судай тасып,
Сапырып астын-үстін сөйлеп өттің
Көмірмен көрмеген соң араласып.
Даусыңыз өктемірек дәуірлейді,
Сыпайы айтсаң дағы сипап-қасып.
Кезіңіз тоқталатын келмеді ме,
Келесіз әлі қалмай қапталдасып?
Еркіне енді тілді жіберейін,
Шауып қал қапы қалмай қанаттасып.
Жұмысы тап-тұйнақтай ықшам трест,
Жолдеке, ол сен емес, айтқанда ашып.
Дайындық жып-жинақты ісің болса,
Берекең неге бүйтіп кетті қашып?
Барлығын қанша борышың білемісің
Босатпай белшеңізден жатқан басып?
Машинаң көмір шапқыш үнемі ұйықтап,
Алтай қыс, қай шахтаңда тұрды тоқтап?
Деуіңе тынықтырдым, келе ме осы,
Мал емес су ішетін жерден оттап.
Көмір тиеу жұмысың артта қалды,
Жолдеке, неңді айтасың, неңді мақтап.
Күнәсіз «әулиедей» болдың аппақ,
Көрпеңді жазылмадың бойға шақтап,
Басқарып ең таңдама бір шахтаңды,
Көш басшы Юрьев болса жүрген бастап.
Бір сөзі сол жігіттің әлі есімде,
Арман ғып әлде неше айтқан қақсап:
— Орнында Ыбыраевтің өзім болсам,
Еш уақыт қалмас,— деген,— жұмыс ақсап,
Белсене осыны айтқан Юрьев жолдас,
Борыштан көрпе салды, жастық жастап.
Шахткомы сол шахтаның пысық жігіт,
Мен оның атамайын атын қастап,
Алдына барған жанға ақырады
Ісінің ең бастысы сөзбен қақтап.
Ерік алған бастықтардан Қадровың,
Забойда отырады қайла саптап.
Жандырса жеті мотор Андырасов,
Оны да ер дейміз бе тілмен мақтап?
Жұмысың қалай, жаным, алға бассын.