Page 224 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 224
Жүйріктей талассаң да тар кезеңде,
Тексеріп қарағанда артық-кемге,
Берген серт, алған міндет орындалмай,
Борыштың астындамыз сен де, мен де.
Шапқанда сен де «озам» деп, мен де «озам» деп,
Белгілі көп алдына тоқтадық кеп.
Борыштан құтылуға, Көшен ақын,
Осыған серт байлайық сен боп, мен боп.
Кадр бар дайындалған менде алты жүз,
«Мен де бар, сенде жоқ» деп ойламаңыз
Сыншымыз, ақылшымыз отырған көп,
Тоқтайық, сөз билігін берейік біз.
Бурадай бұрқылдасып айбат шегіп,
Келген жау, быт-шыт болды, қанын төгіп.
Өмірдің Октябрьде атқан таңын,
Қалайша қарайтпақшы дұшпан жеңіп?!
Жарқырап жеңіс туы қолда шалқып,
Келген жау қырғын тапты қан құмартып.
Жиекке күшті толқын лақтырды,
Ұшырып күлін көкке бір-ақ қарпып.
Еңбектің қаһарманы саналы ерлер,
Көмірді көп бер деймін, міндет артып!
Буын жоқ, сөйлей берсе қызыл тілде,
Бой бермес, алып қашып кетер мүлде,
Жүлде алған, еңбекте озған тарландарым,
Күш қосқын майдандағы жауынгерге!
Сенемін берген сертін орындар деп
Партиям — ұлы маршал кемеңгерге!
Көшен:
Алысқа Қарағанды — бір-ақ аймақ,
Түндігі Сарыарқаның, елі байтақ.
Дегенмен енші алысқан шахталар бар,
Бірі—атан, бірі—бура, бірі—тайлақ.
Қап-қара күні кеше күңіреніп,
Отанға жау төнгенде түнерленіп,
Көрсетті Қарағанды алып күшін,
Елі де, ері дағы ірі ерленіп!
Атан да, ат та, тай да жалын буып,
Жарысты, бір майдан,— деп қайта туып,
Төрінен хұрметті шың орын алдық,
Тазартып, бар аймақтан жауды қуып!
Жұрт кіріп не тілекке көптен бері,
Қарқынын кеміткен жоқ жалғыз елі,
Ішінен көп қауымның көзге түстің,
Не дейін, не деп ұрсам, аға сені.
Былтыр да артта қалдың, биыл дағы,
Сен түгіл маған батты қара дағы