Page 221 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 221

Өңгеріп  кете  алмассың  тегі  жығып,
                           «І-бис»  шахтаңнан  әнеу  күні
                           Қалған-ды  он  бес  мотор  істен  шығып.
                           Бұл  іске  бас  күнәкар  Павленконың
                           Айыбын   не  себепті   қойдың  тығып?
                           Ақылың   бар  жігіт  ең,  түсінерсің,
                           Борышты    ұлғайтарың  сондай   қылық.
                           Шахтаңда   «Он  екінші»  жетпіс  меске.
                           Қасығы   талып  жеткен  отыз  беске,
                           Барлығы   он  стакан,  бір-ақ  шәйнек,
                           Кемдіктің  бұл  да  бірі,  алсаң  еске.
                           «Мен  ішем,  мен  ішем»  деп  тапыр-тыпыр,
                           Жатқаны   керілдесіп  ерте-кеште.
                           Стол  мен  терезесі  тыр  жалаңаш
                           Ұры  тонап  кеткеннің  бірі  емес  пе?
                           Кер  тартқан  көріп  пе  едің  Көпбайыңды?
                           Білемін  айтпасаң  да  мен  жайыңды.
                           Күнде  көмір  береді  үш-ақ  тонна,
                           Түзетсең   қайтер  еді  сондайыңды?!
                           Баласы  Елшібайдың    Тұрсын  деген,
                           Өтірік  күнде  ауырып  күрсілдеген,
                           Үштен   бірін  бермейді  нормасының,
                           Көңілсіз  жүргеннен  соң   құр  сүлдемен.
                           Жұмысқа    Шоқлейдің   шықпағанын,
                           Көрдің  бе  неге  жылап-сықтағанын?
                           Үйінде  екі  ай  бойы  неге  жатты,
                           Беретін  талай  көмір  мықты  адамың?
                           Себебі  учаскенің  начальнигі,
                           Естідім   ұрып-соғып  мықтағанын,
                           Бетіне  Карачиннің  жан  келмейді,
                           Кім  білсін  нешеуді   ұрып  жықпағанын.
                           Заң  алдында  ашатын   үлкен  істі,
                           Жасырып    сенің   қайсы  тықпағаның?
                           «Отыз  бірде»  неге  жоқ  үгіт  ісі,
                           Үгіт  айтар  әлде  онда  жоқ  пе  ед  кісі?
                           Арқан  бойы   қағазға  тіркеп   қойған
                           Парткомның   қайда  кеткен  үгітшісі?
                           Әр  істің  ұғындырып  жұртқа  мәнін,
                           Оятса  жұмысшының     тербеп  жанын,
                           Дегендей   қаһарлы  сөз   қамал  бұзып,
                           Көмірдің  көп  өнбегі  саған  мәлім,
                           «Отыз  бірдің»  себебін  артта   қалған,
                           Аңғырт  шаппай   осыдан  ізде  жаным!
                           «Қанатты   қыранмын»   деп  көкке  сермей,
                           Қияны   кете  бердің  өрлей-өрлей.
                           Пәтерсіз   Құлжанбектің  семьясын,
                           Қыраным   не  ғып  отыр  көзің  көрмей?
                           Ішінде  жатақхана  жатқан   жоқ  па,
                           Қандала,  көрші,  қонып,  маза  бермей?
   216   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226