Page 214 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 214

Жарыста  үздік  озған  ерлерім  көп,
                       Желігіп  желге  ермей-ақ,  айтам  ептеп.
                       Мясников  учаскесі  келеді  алда,
                       Жүйріктей  топтан  озған  баса-көктеп!
                       Тұлпардай  еті   қызған  баурын  жазып.
                       Шегінбес  жарты   қадам  шаршап   қажып.
                       Ерекше  Болатовтың  ер   қайраты,
                       Боратқан  нелер  құзды  тынбай  қазып!
                       Горохов  таңдаулы  адам  үлгі  алғандай,
                       Дұшпан   да,  досы  түгіл,  таң  қалғандай.
                       Қамалын   Гитлердің   қалтыратып,
                       Дабысы   қайласының   жер  жарғандай!
                       Білдің  бе  «Отыз  бірді»  борыш  басқан,
                       Басқанда,  салмағы  зор  бастан  асқан.
                       Бригадир  Дубовиктің   кеселінен,
                       Кер  тартып,  кейін  жатыр  жылжымастан.
                       Қуырдың   сөйледің  де  сөз  танабын,
                       Тіреген  бір  жұмысқа  жоқ  табаның.
                       Біресе  құз,  біресе  көкке  шығып,
                      Ақтармай   түпкірімді  тастамадың.
                       Шахтаңда   «Он  екі»  мен  «1-бис».
                       Шығып   тұр  исі  «аңқып»  масқараның,
                      Осындай   кейін  жатқан  істеріңді
                      Түзейтін  жоқ  па,  жаным,  жақсы  адамың?
                       Білдің  бе  тұрғанымды  мен  алдыңда,
                       Қатарға  сендер  биыл  ере  алдың  ба,
                      Жетістік  істеріңді  жеткізе  айтып,
                      Ал  сөйле,  ақын  Көшен  ел  алдында!

                                        Көшен:
                          Жолдеке,  сөз  сөйледің  мақтан  жақтап,
                      Еріңді,  алыбыңды  қос  қабаттап,
                      Таспадай   сыдырылған   міп-мінсіз  ғып,
                      Арасын   алты  айлықтың   алты-ақ  аттап.
                      «Он  тоғыз»,  «Қырық  тоғыз»  шахталардың
                      Маңынан   шыға   алмадың  айналақтап.
                      Небәрі  сіздің  жақта  алты-ақ  шахта,
                      Аттарын   ала  алмапсың  әлі  жаттап.
                      Шахтаңды    «Қырық   жетінші»  тастап  кеттің,
                      Қалдырған   себебің  не  түпке  сақтап?
                      Сона  бір  «Қырық  сегіз»  жас  шахтаңнан,
                      Тайсалдың   неге  ақыным  тайқалақтап!
                      Атақты  бір  алыбың  «Он  жетінші»,
                      Серпілте  көтермедің  аса  мақтап.
                      Мойныңа   ал,  осыларды  айталмасаң,
                      Кеткені  жұмысының    бәрі  уақтап.
                      Мақтандың,   ірілендің  өзге  жанға,
                      Дес  бермей  шыққан  жансып   үнемі  алға.
                      Он  үш  күн  алты  айлығын  бұрын  берген
   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219