Page 213 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 213

Әркімді  әдетің  бе  тырнап  жүрген,
                    Ақынмын,   мен  де  өзіңдей  жырлап  жүрген.
                    Өкпелеп  әлде  маған  отырсың  ба,
                    Ашты   деп  айыбыңды   ұрлап  жүрген?
                    Көшенім,   қиясы  бар   қияның  да,
                    Байқасам   сөзің  шалғырт  сияғыңа.
                    Шабылған   шарам   кеңнен  мен  шалқар,
                    Бүктеуге  табаныңа  сиямын  ба?
                    Сындырған   жиырма үш   мотор  Сниченкоң,
                    Соныңды   іл,  мені  ілгенше  тұяғыңа.
                    Жалындай    лапылдама   шалқып   тасып,
                    Жерің  жоқ,  сенің  кеткен  менен  асып,
                    Сүрінгенге  күлгеннің  кері  келді,
                    Жатса  да  етегіңнен  борыш  басып.
                    Байлығын   тресімнің  жеткізе  айтсам,
                    Қаларсың   су  сепкендей,   құм  боп  жасып.
                    Енші  алып,   қазынасынан   қара  алыптың,
                    Алты  ел  боп,  алты  жерге  таралыппын,
                    Өргізіп  көмірімнен  мыңдап  танк,
                    Қасқая  қамал  бұза  жаралыппын.
                    Болғанда  қолым—қылыш,     басым—танк,
                    Электр—екі   көзім,  тұрған  жанып,
                    Екі  аяғым—зеңбірек,   кеудем—бомба,
                    Құралған  осылардан   мен  бір  алып!
                    Демімнен   сан  самолет   ұшқан  көкке,
                    Ежелден   алыптығым   мәлім  көпке.
                    Майданда   шар  болаттай  шамырқансам,
                    Шықпаған    адам  батып  жекпе-жекке!
                    Енші  алып  шықсам   дағы  беріректе
                    Атағым   кетті  шалқып  төңірекке,
                    Бір  ғана  «Он  тоғызым»*  жоспардан  тыс
                    Бергені  жетеді  үш  мың  зеңбірекке!
                    Мұнымен    неше  полк  қаруланбақ,
                    Шешіп   бер,  білгіш  болсаң,  мына  көпке!
                    Көмірі  «Қырық  тоғыздың»  артық  берген,
                      Ұшырар қырық   мың  жаудың  күлін  көкке
                    Осымен санасбастан мақтанасың
                    Айтшы   өзің,  бергендерің  менен  көп  пе?
                    Майданға   көмегім  зор  беріп  жатқан,
                    Болмайды   өтірік  сөз,  менде  мақтан.
                    Қажырлы,   қабылетті  кеншім  де  көп,
                    Екпіні  тысты  бұзып  тау  құлатқан!
                    Құлашын    Шәукентаев  көкке  сермей,
                    Еңбектің  ең  шыңына  жоғары   өрлей,
                    Бәйгі  алды  кеншілердің  арасында,
                    Жарыстың    ұлы  дүбір  алдын  бермей!


             *  «Он  тоғызым»  —  №  19  шахтаны  айтады.  Ақын  бірсыпыра  шахталардың
          аттарын  осындай  сан  есіммен  атап  отырады.
   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218