Page 212 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 212

Бұл   Көшен,  егерленсе  көтерілген,
                 Шығармай    не   қыранды   қыр  жағына.
                 Мен  тартсам  домбыраны   дүрілдетіп,
                 Әнімнің  жұрт  таңданған  ырғағына.
                 Кел  жаным,  сағың  сынар,  тепектесіп
                 Көрейік  көптің  түсіп  сынағына.
                 Атақты  аталғалы  атым  Киров,
                 Бәйгіден  сан  жүлде  алғам  атым  келіп.
                 Даңқым   зор,  аймағым  кең,  салмағым  сом,
                 Бөктеріп  кеталмайсың  тегі  өңгеріп.
                 Асырып   жоспарыңды    алғыс  алып,
                 Көрнекті  тұрған  жандай  көмір  беріп,
                 Бәйгіден  биылғы  жыл  келмедің  деп,
                 Біреудің  міней   қалдың  шоғын  көріп.
                 Шахтам   бар  айға  адымын   қарыштаған,
                 Дүбірі  дүниені  дабыстаған.
                 Аз  сөзбен  аңғартайын  алыптарды,
                 Болсаңыз   бізбен  бұрын  таныспаған.
                 Атағы  «Үшінші  бис»  кетті   қайда,
                 Кезінде  жаудың  тобы  алыстаған!
                 Жас   тұлпар  «Жиырма   алтыншы  бисімнің де»,
                 Сан  саңлақ  қапталына   қағыспаған!
                 Қалдырмай    бес   қаруын  түгел  жұмсап,
                 Шахтам   жоқ,  сын  сағатта  жарыспаған,
                 Қара  үзіп  бассейннің  жүйрігінен,
                 Жолдеке,  мен  сен  емес,  алыстаған.
                 Батырдың   несі  батыр,  жауға   қарсы
                 Туған  жер,  ел-жұрт  үшін  алыспаған?
                 Жарқ   етіп,  ақ  қайраңдай  аударылып —
                 Қалғанша   көк  сүңгіні  салыспаған?
                 Тарттырмай   тізгінінен  тырна   қатар,
                 Жүйрік  пе  «қарақшыға»   барыспаған?
                 «Алтыншы»,    «Жиырма     алтыншы»    біл
                                                     шахтамды,
                 Алыпты   сен  сияқты  артқа  салған.
                 Жоспардан   тыс  көпіртіп  көмір  беріп,
                 Ерімнің  кетті  даңқы  жерді  жарған!
                 Трест  түгіл  бассейн  сәлемің  ап,
                 Отанға  біздің  атақ  бұрын  барған!
                 Осындай  болса  алыбың,  сал  ортаға,
                 Болмаса,  сөзіңді   қой  кекеп-шалған.
                                 Жолдыкей:
                 Көшенім   қыранбысың   көкке  өрлеген,
                 Қияны  қанат  қағып  бөктерлеген.
                 Қатты  айттың  қатқан  мұздай,  қабақ  түйіп,
                 Адамдай  кішілікті  еп  көрмеген.
                 —  Илеймін  де  ілем  деп  тырнағыңа,
                 Бойыңда  бар  ма  ашуың  кек  кернеген?
   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217