Page 211 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 211

Жөңкіліп  көшкен  бұлттай  көмір  артып.
                  Жоспарын   артық  берген  ерлерім  көп,
                  Түргендей  ел   құлағын  шын   құмартып.
                  Мың  сан  жан  қазынасын  тауыспас  күреп,
                  Жабылып    қайла  шапса   қоңын  іреп.
                  Жүк  тиеп  сансыз  вагон   ұзын  жолдан,
                  Ақырған   айбатынан  жау  тітіреп.
                  Қан  қайнап  гитлершіл  зәлім  жауға,
                  Қайратын   көрсетті  алып  айға  білеп,
                  Ақтарып   қазынасын  ен   қойманың,
                  Тұрғанын   даярлаймыз   майдан  тілеп!
                  Шыңырау,   сала-сала  забойлары,
                  Қара  алтын  қара  таудай  маңайлары.
                    Көкпеңбек көк  бұрғымен  кілтін  ашып
                  Қазынасын   беріп  жатыр  сарайлары.
                  Асау  танк,  пулемет  майдандағы,
                  Жарқырап    электрдің  жанған  шамы,
                    Көмірмен мұның бәрі  пайда  болған,
                  Өмірдің  тиянақты   ұлы  айғағы.
                  Шыққанда,   ауыр  танк  майданда  ойнап,
                  Быт-шыт   боп,   қандай   қамал   қалмас  жайрап.
                  Руда,   қорғасын,  мыс  —  қару  болса,
                  Береді  соның  бәрін  көмір  сайлап!
                  Жүректің  ақын  сөзі  қылын  шерткен,
                  Қызулы  жалыны   артық  жанған  өрттен.
                  Жарқылдап    көкте  ойнаған  нажағайдай,
                  Қаһарлы   қара  бұлттың  жігін  сөккен.
                  Білуге   қал-жайыңды  ақын   Көшен,
                  Құмар  ем  жолығуға  саған  көптен.
                  Дабысың   жер  жарғандай  ақын  едің,
                  Жұртшылық     атағыңнан  үміт  еткен.
                  Киров  атты  тресің   қанша  атқарды,
                  Отанға  көппен  бірге  берген  серттен?
                  Алыпсың   бассейнде  өнегелі,
                  Отанға   қанды  майдан  түнегелі,
                  Ашып   айт  талдап,   қалай  орындалды
                  Майданның   тресіңнен  тілегені?
                  Жайылған   ақын  атың  көпке  бұрын,
                  Белгілі   қайнар  бұлақ  аққан  жырың.
                  Жылынсын    жай  тапқандай  менің  жаным,
                  Таныстыр,  тресіңнің  көпке  сырын!

                                    Көшен:
                  Ақынсың,  сен  де  туған  ел  бағына,
                  Атағың  ерте  тиген   құлағыма,
                  Іліндің  көк  көжектей  бүктетіліп,
                  Көкпеңбек  көк  болаттай  тырнағыма.
                  Ұрындың   неге  жаным,  мен  емеспем
                  Талайдың   көнбей  жүрген  қылжағына.
   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216