Page 210 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 210

Сенің  де  жоқ-ақ  екен  үлгілі  ісің.
                      Онан  да  кел,  Ілияс,  келісейік,
                      Келіспен   қол   ұстасып  іс  істейік!
                      Кеуделеп  екеуміз  де   қатарға  еніп,
                      Басқадан  енді   қалмай  ілесейік.
                      Бұйрығын   ұлы  Отанның   орындауға
                      Ел  болып  еңбектеніп  күресейік.
                      Осыған  менің  дайын  шахтам  халқы,
                      Бір  күнде  жақсы  атақпен  шыққан  даңқы,
                      Үн   қосқан  ақынымен  кеншілердің,
                      Уәдесі  көп  алдында  темір  талқы
                      Аға  — үлкен,  іні —  кіші   қолыңды  әкел,
                      Бұрынғы   ата  жолы,  баба  салты.






                           ЖОЛДЫКЕЙ    МЕН   КӨШЕННІҢ
                                   АЙТЫСЫ  195
                                  Жолдыкей:
                      Ақынның   өткір  сөзі   қамал  бұзған,
                      Шалқытса   асар  бойы  асқар  құздан.
                      Тілге  жеңіл,  жүрекке  майда  тиіп,
                      Таймайды   шауып  өтсе  жалтыр  мұздан.
                      Келтіріп  неше  түрлі  нақысына,
                      Өмірдің   ұлы  өрнегін  сөзбен  сызған.
                      Берейік  ақын  болсақ,  өмірге  өрнек,
                      Қырандап   қанат   қағып,   қияны  өрлеп.
                      Ақынға  жай  отыру  жарасқан   ба,
                      Тұрғанда  елдің  бойын  ыза  кернеп.
                      Ер  менен  ел  міндетін  сөзге  қосып,
                      Жырыңнан    ақсын  бұлақ  дария  сел  боп.
                      Ызалы   қанды  кекке  жігер   қайнап,
                      Ерлерім  жауды   қуды   қойдай  айдап.
                      Жойқын   күш   бірлігімнің  арқасында,
                      Елімнің  батыр   ұлы  майданда  ойнап.
                       Ұштасып майданда   ел  мен  ер  тілегі,
                      Жеңісті  атқызамыз   күндей  жайнап.
                      —  Жеңіс  біздің  қолда!  — деп  партия  айтқан
                      Басында   даналықпен   терең  ойлап.
                      Жырыма    жер  мен  көктің  бойы  балқып,
                      Арнадайын   су  кернеген  тасып  шалқып,
                      Данышпан   ұлы  Ленин  атын  қойған,
                      Тресте   қай  трес  бар  менен  артық!
                      Майданның   талабына   еңбегім  сай
                      Қопарып   қара  алтынды  түптен  тартып.
                      Бір  шахтам  мыңдап  вагон  жөнелтеді
   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215