Page 209 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 209

Трусов  көмір  тиеп  ат  айдаса,
                         Танабы  жер  астының   қуырылды.
                         Бастаған  Рясик  бір  участогім,
                         Жүрегін  жеңістерде  туы   қылды.
                         Бригадир  Әбдікен  (мен)  Ысқақтардың,
                         Табысы  ту   қаймақтай  туырылды.
                         Ташкенбаев   машинасын   өткір  біздей,
                         Жеті  қат  жер  түбіне  жеткізгендей,
                         Бір  білікті  машинист  Жылқыбаев,
                         Табысын   қойған  емес  үдеткізбей.
                         Байыпты   айтса  ақынның  сөзі  алтын,
                         Дейтүғын  білуші  ме  ең  елдің  салтын,
                         Аңғырт  шауып   құр  бекер  шүйги  бермей,
                         Жеңіл  дағы  осымен  тоқтат  артын.
                         Жұртшылық     боп  жан  сала  жұмыс  істеп,
                         Орындасын   отанға  берген  антын.
                                      Көшен    Елеуов:
                         Ілияс,  ә  дегенде-ақ  тұра  айқастық,
                         Сынасып   шаршы   топта  күш  байқастық,
                         Айтысып   жетістік  пен  жетпегенді,
                         Бүркелген  талай  міннің  бетін  аштық.
                         Көтеріп  көкке  атағын  шахтамыздың,
                         Бірқатар  бағанадан   айқайластық,
                         Мақтанып   екеуіміз  де  аптықсақ  та,
                         Көпіртіп  дей  алмадық  көмір  шаптық.
                         Ән  салып  көгал  қуған  шегірткедей,
                         Кокстың  деп  жүріппіз  сапасы  артық.
                         Жарыста   бассейнге  тұсау  болып
                         Адымын   жаздырмадық   кейін  тарттық.
                         Болсақ  та  анасындай  бар  шахтаның,
                         Жоспарды   айлық,  жылдық   қашан   жаптық.
                         Кінәлі  жоспар  бітсе  болатынбек,
                         Осынша   жақсы  атақтан  неге  қаштық.
                         Отанға  берген  сертін  жаңылған  соң
                         Бізде  емей  енді  кімде  бар  ыластық,
                         Ұялып  осы  топта  мен  отырмын,
                         Беттерің   қызармай  ма,  өңкей  бастық?!
                         Бермейтін  тқлпарыңа  топтан  орай,
                         Бқл  жолғы  егес  жарыс  келмеді  оңай.
                         Бабымды   бастықтарым   білмеген  соң,
                         Емес  пе  құр  қиналыс  жұртым  солай.
                         Ардақты   айтсам  дағы  ердің  күшін,
                         Еңбекте  ерлік  еткен  көп  деп  кісім,
                         Аузымды   қарт  Ілияс  аштырмады,
                         Шахтамның    бетке  соғып  кемдік  ісін.
                         Шалағай   дүкір  шабан  бастық  үшін,
                         Екі  ақын  кезек  жедік  сөз  соққысын.
                         Кеудеңді  көкке  Ілияс  көтерсең  де,
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214