Page 208 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 208

Бір  өзі  төтеп  берер  мың  сан  жанға,
                      Қайласы   қадай   ұрса  тасты  түткен,
                      Барады   қалай  аузың  жамандарға?
                      Жас  кадр  білемісің  Жолдасовты,
                      Табысы  табыстарға   жалғасыпты,
                      Күніне  екі-үштен  норма  беріп,
                      Бұл  күнде  жақсы  ісімен  алға  шықты.
                      Кісім  аз  Горбуновтай  кері  кеткен,
                      Мойнына   жалқаулықтан    ері  кеткен,
                      Үлгі  алған  шахтаңдағы  кісі  оңа  ма,
                      Кесірлі  Мамырбаев   Алтынбектен?
                      Мақанов,  Ақжігітов,  Ыбыраев,
                      Тексерсең  осыларда  барлық   айып,
                      Күнде  акты  жасаудан   ұялмайды,
                      Кетті, — деп,  — штректен  тіреу  тайып.

                                   Ілияс   Манкин:
                      Борышым    аз,  деп  Көшен  қуанбағын,
                      Ежелден   түбі  өкініш  уанғанның.
                      Өзіңнен  артсадағы  мақтан  айтпай,
                      Не  жаны  шыдап   отыр  ту  алғанның?
                      Бағың  да,  сұлуың  да,  сейілің  де,
                      Тән   қылық  борышынан   сейілгенге.
                      Көмір  бермей  күні-түн   қас   қорыт  деп,
                      Мәтел   болып   қап  жүрме  кейінгіге.
                      Төңірегі  лық  толы  үйіндіге,
                       Көріп  ем  нөмірі  екі  үйіңді  де,
                       Құрт  мүжіген  ағаштай   қотыр-қотыр,
                       Таңбадан  сау  тамтық  жоқ  бүйіріңде.
                       Бір  жыл  бойы  сол  үйдің  еденіне
                       Көзім  жетпейд  сыпырғыш   тигеніне,
                       Жумасаңда,   шырағым,  айында   бір,
                       Сыпыруға   қолдарың  тимеді  ме?
                       Соның  бәрін  ұмытып  Көшен  ақын
                       Таң  қаламын  маған  кеп  тигеніңе.
                       Мен  мақтансам  алыппын   атым  шулы,
                       Жақ сы  ісіммен  кеше  алған  жеңіп  туды.
                       Соны  білмей  айқайлап  айға  шапқан,
                       Тегі  бір  сені  жаным  желік  қуды.
                       Әлемге  даңқы   шыққан   Түсіптағы
                       Білесің  бе  алып  боп  кімнен  туды?
                       Жер  жаһанға  танытқан  батыр  атын,
                       Нүркен  сынды  кім  берді  жарық  күнді?
                       Елемей  ыстығыңды,   суығыңды,
                       Жеңіске  қолы  жеткен  не  бір  құнды,
                       Алдына   жарысқанда   жан  салмайтын,
                       Айтайын   талай  тарлан  тайбуырылды.
                       Орденді  Кішкентаев   қайла   ұрғанда,
                       Жүрегі   қара  жердің  суырылды.
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213