Page 207 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 207

Бар  түйінді  шешетін  басты  істі
                          Құлатқан  соң  енді  онан  күтпен  үміт.
                                         Көшен    Елеуов:
                          Мен  саған   қашан  айттым  жоқ  деп  кінәм,
                          Ақиқат  шынымды   айтып  шынмен   қуам,
                          Күшті  екен  үгіт  ісі  демеп  пе  едің,
                          Тартатын  дәл  өзіңсің  соған  куам.
                          Ей,  жаным,  жалған  баспа,  расқа  көш,
                          Сен  туған  бассейннен  мен  де  туғам.
                          Үгіт  пен  мәдениет  ісін  алсаң,
                          Тұсамай  аяғыңды   бір-ақ  буам.
                          Жап-жасыл   шахтам   маңы  көк  өрім  тал,
                          Саясы  жанға  жайлы  салқын  самал,
                          Алмасаң  мойныңа  қылам   не  амал,
                          Өзің  де  газет  оқып  жатып  ең  ғой.
                          Көктеген  бір  бұрау  жоқ  шөлдей  шахтаң.
                          Етпексің  енді,  жаным,  нені  мақтан?
                          Маңыңды   ағаш  егіп  мәуелетсең,
                          Қолыңды   өзің  айтшы  мен  бе  қаққан?
                          Жатақ-үй  салтақ-салтақ,  моншаң   анау,
                          Қыс  болса  басып  кеткен  мұз  бен  қырау
                          Оларды  жөнде   дейтін  бастық  та  жоқ
                          Қылмыс  қой  ойлап  тұрсаң  асқан  мынау.
                          Алты  күн  арақ  ішіп  Әлкенова,
                          Жұмысы    болды  өзінің  бойын  сылау,
                          Бастығы  асхананың  Попов  тағы,
                          Демейтін  көрінеді:  мұным  — мін-ау».
                          -Асым  мол,  асханамда  берік  тәртіп,
                          Өнегем  күн-күн  сайын  барады  артып,
                          Ашылған  ұлттар  үшін  асханам  бар,
                          Өтейін  көп  алдында  оны  да  айтып.
                          Қайратты,  не   қамалдан  таймайтұғын,
                          Алысқа  салған  сайын  айдайтұғын,
                          Ерім  көп  Мейізбаев   Құрманбайдай,
                          Шапқанда    шашасын   шаң  шалмайтұғын!
                          Шүйіліп   ақиықтай  еңбек  десе,
                          Жүлде   алған  оза  шауып  күні  кеше,
                          Айтайын   Малдановты   білмегенге,
                          Жоспарын   орындайтын   екі-үш  есе.
                          Дуровка  жетер  жан  жоқ  бұл  өңірде,
                          Көрмеген   артта   қалып  ол  өмірде,
                          Көмірді  жанын  салып  алып  шығад,
                          Тұрса  да  сонау  қиыр  күн  көгінде.
                          Қашан   да  айбынынан  жұмыс   ыққан,
                          Не  меңіреу  сом  жартасты  саздай  сыққан
                          Молдашев   Жұмыкенім    сан  жарыста
                          Тұлпардай   оза  шауып  дара  шыққан.
                          Фатеев   Иванымдай   ұлың   бар  ма?
   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212