Page 206 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 206
Және де талай тонна көміріңіз,
Шашылып құнтсыздықтан қалды жонда.
Қырық екі проценті көміріңнің,
Осы жыл болып кетті күл мен қорда
Айтпастан соның бірін жасырасың,
Ілияс өз басыңа осы жол ма?
Бересің мың тонналап жатса басып
Кетпексін қай ісіңмен менен асып?
Мақтанның да, шырағым, шегі бар ғой,
Құр босқа сөйлей берме судай тасып!
Ілияс Манкин:
Көшенім, мақтан күйттеп, тым семірме,
Былығың былқып тұрған бар сенің де
Омалған олқылыққа басшыларың,
Құлаудың білесің бе тұр шенінде.
Бермекке жоқ, алмаққа салмақ болып
Жүрсін ғой көп шахтаның тек шебінде.
Басқа жағын қойғанда былай жауып,
Толып жатқан бар әлі бересің де.
Күл аз, деп айта алмассың көміріңде
Көмірмен араласып көңі бірге.
Жыл сайын заводтарға айып төлеп,
Борыштан арылмадың өміріңде.
Алғызбай көміріңді су менен саз,
Жармасып жатқан жоқ па өңіріңе?
Сылқым боп тіреуіңді бос тіресең,
Хауіпте тұрған шығар өмірің де?
Еңбекте болмаған соң қатаң тәртіп,
Етектен бейбастақтық жатад тартып,
Кеншіге басшы тілін алдыра алмайд,
Өзің айт, қылмыс боп па сонан артық?
Былығып кеткен әбден тау кен ісі.
Авария дегеннің есебіне,
Ешкім жетіп болғысыз деседі де,
Алты матор жандырған Шевцовыңның
Шахтаға аз болмапты кеселі де.
Давиденко көңілшек адам деуші ед,
Қайтед дейсің, қылмысын кешеді де.
Әлгі бір Садуақасың, Әбеужаның,
Өмірі көрген емес қинап жанын,
Күніне үш күректен көмір салмайд,
Масыл боп еңбегіне өзге жанның.
Дымов Петр және де Мецыно Иван,
Шахтаңа осы екеуі қалай сыйған,
Артпайды шотқа салсаң бір тоннадан
Көмірі екеуінің бір жыл жиған.
Міндетін ұмытқан соң партком жігіт,
Шахтерлер арасында жүрмепті үгіт.