Page 205 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 205

Секілді  бар  шахтаның  анасындай.
                         Қатарға   қосып  кеше  енші  берген,
                         Шахтамның    шахтаң  бейне  баласындай.
                         Ендеше  аяғымнан   тарта  берме,
                         Бұл  күнде  айтысты,  деп  баласынбай.
                         Отқа   қарап  отырған  күнім  жоқты,
                         Соны  бір  еске  алғайсың  дарасынбай.
                         Сенен  мен  төбем  биік  үздік  тұрмын.
                         Тәрізді  жер  мен  көктің  арасындай.
                         Бергенің  артық  болса  сонда  көкі,
                         Әйтпесе,  тіліңді  тарт,  адамсынбай.
                         Қазып  айт  мінім  болса  ағасынба
                         Түспейді  деп  кім  айтад  аға  сынға.
                         Жасырған   жарты  жылдық    борышың   бар,
                         Сонан  сен  жұрт  алдында  танасың  ба?
                         Жарыста   ұлы  дүбір  артта   қалып,
                         Тым   құрлы  жарамадың    қарасынға.
                         Шахтамның   тап   қазірде  әлі  келед
                         Сен  тұрсын  басқаға  да   қарасуға.
                         Ат  қалса  жер  астында,  мойныма  алам,
                         Жайым   жоқ  жоқты  сөз  ғып  таласуға.
                         Ісінде  толып  жатыр  кем  мен  кетік,
                         Деп  мені  көргеннен  де  дөңгелетіп,
                         Лаваңды  суға  бермей  пысық  болсаң,
                         Неліктен   ұстамадың   құрғақ  етіп?
                         Аңдамы   жоқ  бір  аңғырт  адам  едің,
                         Тек  өзің   қалып  жүрме  суға  кетіп.
                         Әзірше  осыменен  тоқтатайын,
                         Былығың   қаза  берсем  жатыр  жетіп.

                                      Көшен   Елеуов:
                         Ілияс,  жол  бермеймін  тасқаныңа,
                         Сен  тұрсын  үндетпегем  басқаны  да,
                         Екі  сөздің  бірінде  кокс  дейсің,
                         Байқұс-ау  не  қылғаның,  сасқаның  ба?
                         Ұмытпасаң  бағана  ескерттім  ғой,
                         Кокстен   құр  емесін  басқаның  да.
                         Бассейннің  анасы  отау  тіккен,
                        Үлкен  үй  боп  белгілі  асқаның  да.
                        Еріңді  мойыныңа  алып  тулай  берме,
                        Мініңді  бетіңе  әкеп  басқаныма.
                        Жоспарыңды     тоқсанға  жеткізбесең,
                        Өзің  айт,  ол  да  сенің  асқаның  ба?
                        Жаңылмасам     үш  жылдың   жүзі  болад,
                        Бассейнді  етектен  басқаныңа.
                        Ілияс  бар  шахтаға  болсаң  орда
                        Жыл   сайын  шөмеңдеме  қалып   жолда
                        Жарты   жылдық   мойныңда   борышың   бар.
                        Аз  боп  па  бір  басыңа,  жаным,  сол  да?
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210