Page 204 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 204
Болғалы сен бірінші, мен екінші,
Келесің үзеңгімді бір қаға алмай.
Шахтаңның шоқтығы асып тұрған жанша,
Мойнымда борыш барын айттың қанша?
Танкті топтап беріп, жауды қырған,
Ойлашы, елден ерек сен бе сонша?
Бересіңді бір сөзбен аңғартайын
Сонымен бұдан былай ісің оңса,
Қатпасын керосиннің кім біледі,
Борышты мойныңдағы сен жапқанша.
Көмірім — кілең кокс, — дейсің тағы
Бұ да бір күлетін сөз шек қатқанша.
Сенде бар да сол кокс менде жоқ па?
Жөн білсең, сөзің емес салар топқа,
Кокс көп жер астында алынбаған,
Мүлкім деп кім қағыпты оны шотқа.
Пайдаға асырылып майдан үшін,
Поезбен тиелмесе пароходқа.
Жүрегін тулаттырып домналардың,
Болаттар жатпаса егер балқып отта.
Коксің көшкен елше жұбын жазбай,
Ағылып жатпаса егер күнде цофқа*
Ілияс жоқты теріп мақтан етпей,
Тілімді ал жеңілдім, деп сөзге тоқта!
Тіліңмен орақ ормай, жоспарыңды
Орындау жөн, емес пе ед түссең де отқа?
«Құр қасық ауыз жыртад» деген дейін,
Неліктен бүгін келіп түстің топқа?
Абырой осы жолы ала алмайсың,
Арам тер бола бермей, тіл ал тоқта!
Ілияс бірді мақтап, бірді жоқтап,
Болмаққа тырыссаң да айдан аппақ.
«Ежелден ел құлағы — елу» деген,
Қоясың көп аузына қалай қақпақ?
Бір штрек неше күн істемеді?
Бастығың адам болса ықтиятты-ақ?
Сен өзің мақтан сүйіп тым желікпе,
Білдің бе жер үстіне сау келіп пе?
Әнеугі шахта астында қалған аттар,
Штректе төрт күндей ат ұстайтын,
О заман да бұ заман жан көріп пе ең?
Китке ат кимек, ежелгі әдет деуші ед,
Болмаса Мальцевіңе қалың беріп пе ең?
Ілияс Манкин:
Сөз тыңда, ақын Көшен, алас ұрмай,
Толас бер, соға бермей борасындай,
Сан ондап отау бөлген үлкен үймін,
* Центральная обогатительная фабрика.