Page 203 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 203
Барып ем әдейілеп хал білгелі,
Отанға серт бергелі көп болса да,
Жұмысшы баспапты әлі бір де ілгері.
Түсінбей берген серттің ауырлығын,
Жүргенін жаба тоқып жауырды кім?
Көшенім есті болсаң ортаға сал,
Естісін мына отырған қауым бүгін,
Маңызын ұқпағандай берген анттың.
Неліктен бассейнді кері тарттың?
Деп, егер ақын болсаң бұл күнгеше
Салмадың неге алдыңа жас пен қарттың?
Қырандай құлаш ұрған шың аспаққа,
Әдейі келіп тұрмын сынаспаққа.
Мақсатым бар-жоғымаы ортаға сап,
Өзінмен тату-тәтті сыр ашпаққа.
Бере алмай ел майданның сұрағанын
Неліктен бір жыл бойы тұраладың? —
Деп, бүгін шаршы топта батыра айтса
Ағаңның ауырлама сынағанын.
Ойлайтын елдің қамын қарт болған соң,
Өйтпеске көре тұра шыдамадым.
Мальцевтей жаным риза шырағыма,
Беріп тұр жақсы жауап сұрағыма.
«Жақсы сөз — жарым ырыс» деген бар ғой,
Жағады жылы сөзі құлағыма,
Коксті көмірімнің құны басым,
Дейді, — ағай кемімейді планымда.
Біздің кокс шыңдаған сан мың танк,
Дұшпанды көзім жетед қырарына.
Басқаның бір тоннасы біздің бір қап
Көмірге, — деп те айтады ол тұрады да.
Осындай шахтаң жүмыс істегенін,
Көшенім бастығыннан сұрадың ба?
Көшен Елеуов:
Қырандай даңқы шыққан ең шарыққа
Болсаң да әйгілі ақын бар халыққа.
Таңданам таңдап келіп қонғаныңа,
Кеудесі өзіңнен де зор алыпқа:
Мен сендей істемеймін жан айласын,
Неғұрлым қарсы шабам деп қайдасын.
Өзіңдей іздегенім кесек тоят,
Кел, бермен, салысалық сөз найзасын.
Мен болсам бассейінде ақын Көшен,
Бөгеген тұсауыңды бүгін кесем,
Жоныңнан сөзбен сойып таспа аламын
Обалың сонда кімге жүгірмесең.
Ақыным, жолға келсең мен балаңдай,
Үздіксіз мақтанасың озған жандай,