Page 202 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 202

Соқтым  жерден  кең  сарай,
                        Бұйым   емес   қараңғы,
                        Ильич  шамы — күн   мен  ай.
                        Тұңғиықта сөнбейтін
                        От  бар  асыл  көзінде,
                        Қайлама  күш  көнбейтін
                        Күш  дегенің  өзімде.

                                            IV

                       Шықтым    міне  сайыстан,
                        Тер  сорғалап  денемнен,
                        Сегіз  сағат  алысқан,
                        Шаршаппын    ғой  дегенмен.
                       Үйге  келе  жатырмын,
                        Шалқақ   кеудем  ашылған,
                       Шахтер   деген  батырмын,
                       Өңкей   болат  асынған.
                       Шықты    балам  былдырлап
                        «Бапам  кейе  жати», — деп,
                       Қолында   бір  шылдырмақ,
                       «Тәтем   қайда?  Шақн», — деп.
                       Көңілім  шат,  жаным  жас,
                       Еркелесе  арсалаң,
                       Құшып-сүйіп   мен  де  мәз,
                         Ұмыт болып  шаршаған.





                                  Екінші  тарау

                                 А Й Т Ы С Т А Р
                        ІЛИЯС  ПЕН  КӨШЕННІҢ   АЙТЫСЫ  194

                                   Ілияс   Манкин:
                       Болғанмен   ақындығың,   асқар  әлі,
                       Жерің  жоқ   сан  сайысып  асқан  әлі.
                       Өлеңге  жел  жетпейтін  желқобызбын,
                       Қызғанда  әр  сөзімнің  асқан  мәні.
                       Бойыңа   сенген  болсаң  ақыр  мығым,
                       Жық   деген  жөнін  тауып  ақыл  мұның.
                       Сайыспақ   шаршы   топта  парыз  деген
                       Ақынның   сынау  үшін  ақындығын.
                       Ендеше  барды  барша,  жоқты  жоқша,
                       Айтысса  кіналамақ  ақынды   кім?
                       Көршім  деп,  сенің  шахтаң  бір  іргелі
   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207