Page 201 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 201
Шығар сірә ойраның.
Мылқау құзда үн бар ма,
Томсарды құр түйіліп,
Батыр жайға тұрар ма,
Ұрдым қайла шүйіліп,
II
Бұрғышы да жол сайлап,
Жонды бұрғы ұңғылап.
Қырлы болат тас шайнап,
Кетті терең сұңғылап.
Запальщик* қыз оқ жанып,
Жатыр әне сүргілеп.
Тау бұзарын мол салып,
Тартып қалды сүңгілеп,
Күн шарт етті, жай түсті,
Қопарылды қара күз.
Қызды майдан тым күшті,
Қызығына қараңыз.
Науа кетті тербеліп,
Күңгір-күбір күй тартып,
Әткеншегі теңселіп,
Биледі би, жыр айтып.
Айқасарда қалың қол,
Жөтелмей ме зеңбірек?
Шабуыл ғой бұл да сол,
Мәні, түрі өзгерек.
III
Түре тастап білекті,
Шағып забой дал-далын,
Кәсіп қылдым күректі,
Санға басып салмағын
Мылқау күшті жеңер ме,
Адам отсыз, темірсіз?
Кен темірін берер ме,
Осы қара көмірсіз?
Көмір оңай көнер ме,
Ер шахтерлер алыспай?
Құр күйбіңге өнер ме,
Еһелесе салыспай?
Ысып тұрса егерде,
Тасы шыжып отты жаз,
Әр жанымды бөгер ме,
Қақап тұрса сары аяз?
Желпіп тұрған самалды
*~Дәрімен көмір құлатушы.