Page 200 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 200
Табысым кешегіден бүгін үдеп.
Сан тілде айтты халық мақтанышпен,
Алыптың қазынасын қара алтын деп.
Осы алып — Қарағанды ойлағанда,
Ойыңа тереңірек бойлағанда,
Күрделі көмір жыры көкке шықты,
Жұртшылық жеңіс күйін ойнағанда.
Дүниенің бір алыбы көмір күшін
Меңгердік советтік нұр заманында!
ШАХТЕР СӨЗІ 193
I
Шахтер деген батырмын
Өңкей болат асынған,
Жолдасымды шақырдым
Ер кеудесі ашылған.
Қолда күрек, жол серік,
Алда күтіп алыс тұр.
Он орнына жүз беріп,
Шығар бүгін сайыс тұр.
Алысқанда кім жығар,
Жұ мбақ емес маған ол.
Сықсам тастан су шығар,
Күшті мынау — күсті қол.
Еңбек солай үйреткен
Қайтпайды от жүрегім,
Көмір жосыр түбектен,
Ойнап кетсе күрегім.
Кеттім сүңгіп үңгірге
Қалың керсен қойынға,
Барам айдап дүбірге
Жұлдыз ойнап қолымда.
Терең құздар жақпардың
Жетіп төргі түбіне,
Тұрдым қарап қатпардың,
Сұсты суық түріне.
Дедім неге қатусың,
Ойың бар ма алыспақ?
Шахтер деген батырмын,
Болсаң егер таныспақ.
Тұрсаң егер қасарып,
Көр күшімнің ойнағын.
Келіп тұрмын жасанып,