Page 199 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 199

Жасарған   қайта  жасап  шал  кемпірмен.
                         Ерлер  мен  әйел  бірдей  бағаланып,
                         Қалған  жоқ   жетім-жесір  жетілмеген.
                         Орыс  пен  қырғыз,  қазақ,  башқұрт,  татар,  —
                         Бәрі  бір  туған  бауыр  секілденген.
                         Аңсаған  жарын   сүйіп   қосылғандай
                         Қүн  нұры  бәрін   құшып  күлімдеген.
                         Қанша   жыл  көрген  бейнет,  тартқан  азап
                         Өткен  соң  бір  минуттей  көрінбеген.
                         Құдайдың   құдыреті  емес  еді,
                         Ерекше  еркіндікті  елге  берген.
                         Құр  қиял  көрінбейтін  періште  емес,
                         Дауылды,   жауынды   да  айдап  жүрген.
                         Жетектеп  елін  бастап,  ерін  баулып,
                           Кемеңгер Ленин  еді  партия  мен.
                         Алыптың  қарап  тұрсам  сияғына,
                         Түскен  жау   ұнталғандай  тұяғына,
                         Денесін  ұстап  байқап  көрем  десең,
                         Қолың   тұрсын,  сыймастай   қиялына.
                         Зор  алып,  біздің  алып  өр  көкірек,
                         Кеудесі  көтергендей  көкті  тіреп,
                         Ұлғайтып,  арнап  шатыр  отау  тігіп,
                         Алыпты   зорға  ояттық  бес  жыл  тербеп.
                         Ұйқысы   серпілген  соң  көзін  ашып,
                         Тап  осы  алып  күшке  арқа  сүйеп,
                         Құлашты    қарыштайық   көкке  сермеп.
                         Алыпта   қару-құрал,  аспап  та  мол,
                         Мүлтіксіз  орындалмақ   түпкі  тілек.
                         Бұл  алып  күнінде  үш-төрт  құлпырады,
                         Айында   аз  дегенде  тоқсан  түлеп.
                         Өлшеп   артқан  миллион  тонна  жүкті
                         Шынтағымен    ойнатып   қан-көбелек.
                         Жеңіске  ерлер  жетсе  жауды  жеңіп,
                         Алып  та  арт  жағынан  тұр  ғой  демеп.
                         Күн  туған  ел  басына  қиын-қыстау
                         Кезеңде  жеңіске  о  да  болды  себеп.
                         Өрбітті  мың-мың  батыр  бауырынан
                         Шалқытып,    шарықтатып  күшке  бөлеп.
                         Денесі  жер  астында,  демі  көкте,
                         Түсірмес  жерге  тұман   қара  түнек.
                          Қойманың  қабат-қабат  аузын  ашты,
                          Қанша  алсаң  таусылмайды  ала  бер  деп.
                          Бір  өзінде  мың  түрлі  қасиет  бар,
                          Нәрсенің  бәрі  түгел  елге  керек.
                          Қол  сұқтық   қоймасына   құмарлана,
                          Болат  саусақ,  талай  мың  құрыш  білек,
                          Көтерген  ел  еңсесін  ен  дәулетті
                          Ерлерім  бұрқылдатты   қардай  күреп.
                          Ерекше  ерлерім  көп  елге  риза,
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204