Page 198 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 198
Бар еді бір француз Гарно деген.
Шет елге басы бүтін сатар заң жоқ,
Гарноға үш жылға деп жалға берген.
Гарнодан ағылшынның байлары алып,
Бұл жерді отарындай иеленген,
Обыры ағылшынның пайдаланды,
Халықтың сол күндегі еңбегімен.
Ерлердің еңбегіне беретіні
Малға мұз жалатқандай шөлдеп жүрген.
Кез болып қолы батыл талай батыр
Бейнетке батып еді белшесінен.
Арзанға Үйрек* батыр күшін жұмсап,
Тоң, тасын томыратын кесегімен.
Қырық кез құздан балшық көкке атқанда,
Ернеуден құлаш бойы асып түскен.
Үйректің күш-қайратын ертегі ғып,
Айтатын адамдар бар көзбен көрген.
Тас қойып ескерткішін қалдырмай ма,
Сүйретіп жер астында жаяу шана,
Талайлар азап шегіп бейнеттенген.
Түтіні май білтенің өкпе қауып,
Өткізген көп өмірін бейнетпенен.
Ағашқа арқан орап, қолмен бұрап,
Шығарған шыңыраудан шелекпенен.
Жармасқан мұрындықпен жағаласып,
Ертеден кешке дейін жанын жеген.
Жартымды іс өнімі болмаған соң,
Сүйретті көлік жегіп барабанмен,
Өйтсе де алпауыттың айласына
Алыпты басқан ұйқы серпілмеген,
Етіне жалғыз шіркей қонғандай да
Алыптың денесіне білінбеген.
Көкте бұлт, жерде тұман түн еді бұл,
Шырылдады торғай тұрып таңды білген,
Оятып ел сезімін үрпек бастан,
Бір желдің лебі тиді таңсәріден.
Нажағай бұлт қамшылап жарқ-жұрқ етіп,
Күшейе дауыл тұрып дүрілдеген.
Нажағайдай жауға жай шарт-шұрт түсіп,
Жер сілкіне көкте күн күркіреген.
Арылып қара бұлттан аспанымыз,
Себелеп нұрлы жаңбыр сіркіреген.
Тиген соң нұр тамшысы тамырына,
Қалған жоқ жерімнен түк сілкінбеген.
Октябрь таңы атқан соң қарап көрсем,
Бөленіп жерім гүлге желкілдеген.
Жаңарып ел де, жер де ажарланып.
* Рязанов, Ушаковтердің кезінде 1900 жылдарға дейін өмірін Қарағандыда
жұмысшылықпен өткізген адам. Оның ұрпақтары да жұмысшы болған.