Page 197 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 197

Пауеске   қасына  кеп  тоқтағаңда,
                          Қолына   ап  тақиясын  басын  иген.
                          Іркіліп  басқа  қазақ  тыста  қалды,
                          Үйге  кірген  болыстар  көпеспенен.
                          «—  Өзі  сенің  қарайды  қол  астыңа,
                          Біреу  бар  Байжанұлы  Апақ  деген.
                          Соны  бізге  тезірек  тапқызып  бер,
                          Біздің  жұмыс  сол, — деді, — іздеп  келген»...
                          Жас  етті   қоса  соғып  дәмді  сүрмен,
                          Сусындап   ауық-ауық   қымызбенен,
                            Ұйқы қанып,  ертең  түс  болған  шақта,
                          Апақты  дедектетіп  алып  келген.
                          Тақсыр,  міне,  Апақты  әкелдік, — деп,
                          Арбаға  боз  тоқтыдай  салып  берген,
                          ІшІнен  жан  ашыған  адамдар   көп,
                          Сорлының   несі   қалды, — деді, — өлмеген?
                          Көпестер  бір  адамды  жуытпады,
                          Апақпен  бірге  барам,  ерем  деген.
                          Бар  еді  Апақтың  да  туыстары,
                          Көзімен  өлі-тірісін  көрем  деген,
                          Көпестің  ыңғайына  болыс  шығып,
                          Иіріп  бір  адамды  жібермеген.
                          Осыдан  аз  ғана  күн  өткеннен  соң,
                          Үйіне  бір  күн  түнде  Апақ  келген.
                          Қойнында   тығып  алған  шай-қанты  бар,
                          Едәуір  киім-кешек  олжаменен.
                          Ушаков   атақты  бір  көпес  еді,
                          Осының   адамы  екен  былтыр  келген,
                          Қағазға  бар  жағдайды  жазып  алып,
                          Ушаков   өзі  биыл  іздеп  келген.
                          Апақты  арбасына  мінгізіп  ап,
                          «Бір  зат  бар  сенің  әкең  Байжан  көрген,
                          Бізден  келер  зиян  жоқ  саған  енді,
                          Сол  жерге  бізді  тура  баста?»  — деген.
                          Апақтың   бойы  үйреніп  алғаннан  соң,
                          Беті  аумай  келіп  шықты  көрген  жерден.
                          Төскейде  төсін  керіп  алып  жатыр,
                          Ушаков   көзі  көріп,  көңілі  сенген.
                          Меншікке  осы  алыпты  алайын  деп,
                          Тәсілін  табу  үшін  көңіл  бәлген.
                          Ақшаға   алық-берік  сауда  бітті,
                          Екі  жүз  анық  елу  теңгеменен.
                          Алу  арзан  болғанмен,  алып  қымбат,
                          Қымбат  зат  арзанға  оңай  әл  бермеген,
                          Рязанов  деген  бай  ортақтасып,
                          Екеуі  жармасқанмен   әл  келмеген.
                          Осылар   ақылдасып:  «Сатсақ,  — дейді,
                          Кісіге  кезін  тауып  көп  пұл  берген.
                          Еліне  байлығымен  құрметі  зор
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202