Page 196 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 196

Көрмеген  жердің  асыл  байлықтарын.
                      Әртүрлі  ел  ішінде  дастандар  көп
                      Халықтың   туған  адал  тілегінен.
                      Алып   деп,  алып  атын  еститінбіз,
                      Құлаққа   ертегіден  әбден  сіңген.
                      Сан  ертек  сағым  болса  жел  тегінен,
                      Бұл  ертек  бағым  болар  жер  тегінен,  —
                      Деп  біреу  талпыныпты  талап  етіп,
                      Алыпты   табамын  деп  жатқан  жерден,
                      Өзіне  бағынышты   бір  адамға
                      Өзі  үйде  жатып,  түзден  іздеттірген.
                      Ол  адам  талай  жерді  кезгенменен,.
                      Алып  түгіл  шайтан  да  кез  келмеген.
                      «Жоқ  па  екен  аңшы,  малшы  ұшыраған,
                      Ін  қазып  жерден  ошақ  шұқып  көрген.
                      Барымды   ақысы   деп  берем,  — деген,
                      Адам  болса  жоғымды   көріп  білген...»
                      Бар  еді  бір  ақсақал  Байжан  деген,
                      Жоқшыны    жолаушылап    елге  келген
                      Аулаққа  алып  шығып   былай  деді:
                      «Сөзіңнің  басы  бұлдыр,  түбі  терең,
                      Жоқ  іздеп  сен  секілді  жүрген  жанды,
                      Есітсе  бүл   құлағым  болсын  керең.
                      Бар  еді  бір  тамашам  менің  көрген,
                      Кісіге  жасы   ұлғайған  болады  ұят,
                      Есіттім  демегейсің  мұны  менен...
                      Өзімнің  туған  балам  Апақ  аты,
                      Сөйлесіп  үйлесе  бер  соныменен»...
                      Жылысып   осыны   айтып  Байжан  кетті,
                      Сезігін  адамға   ұсап  білдірмеген.
                      Жүргінші  үш  ат  жегіп  күйме  мінген,
                      Күйменің  сыртын  сәндеп  түймелеген,
                      Доғада  қос   қоңырау  жетіп  келді,
                      Аттары  омыраулап  кимелеген,
                      «—  Кім  екен  біліңдерші  мынау  келген?
                      Әлде  үлкен  ұлық  па,  ояз  ба  екен?
                      Олай  болса,  болысқа  апарыңдар,
                      Ұлыққа  сый  болыссыз  келіспеген.»
                      Хабаршы   мен  жетекші  дайындалып,
                      Екі  адам  асып-сасып  атқа  мінген.
                      Біреуі  тұра  шауып  жөнелді  де,
                      Біреуі  бастап  бірге  алып  жүрген.
                      Аулына  Ордабайдың*   келсе  бұлар,
                      Оңаша  көкорайға  үй  тігілген.
                      Ақсақал,  старшын,  би  жиналыпты
                      Манағы  шапқыншыдан    хабар  білген.
                      Қасында  тіккен  үйдің  бір  топ  жаяу
                      Өзгеден  болыс  оқшау  жекеленген.
         *  Ордабай  — сол  уақыттағы  болыстың,  аты.
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201