Page 195 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 195
АЛЫП ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ 192
Орал мен өр Алтайдың арасында,
Сары бел Сарыарқаның даласында,
Ертеде естісеңіз алып бопты,
Қазақтың тумас бұрын бабасы да.
Бұл алып кең алапты мекен еткен,
Мол жиып қазынаны жерге біткен,
Төсегін қара алтыннан қалың салған,
Кезінде ұйқтайтұғын мезгіл жеткен.
Болған сон ұйқым қанып тұрармын деп,
Жамылып құба жолды жата кеткен.
Жотамен бетін бүркеп жауып жатып,
Ауызын ақырындап күбірлеткен.
Аузынан шыққан лебіз өсиеті
Жағалап ертегі боп елге жеткен
«Қазынамды адал қолдан аямаймын,
Алатын ер кез келсе еңбек еткен.
«Елдікті — ер тапқаны», деді дағы.
Ұйқыға батыр алып батты қалың
Жатқанда алып ұйқтап өтті, кетті
Басынан талай дәуір Сарыарқаның.
Ойнағын ойран-топыр көрген Арқа
Кешегі атышулы Шыңғыс ханның.
Талайлар оған сонда ойран салды,
Тұтқасын ұстаймын деп тұл заманның,
Дамылсыз ту тігіліп, шу көп шықты,
Сау тұрмай сары даласы Сарыарқаның.
Қозғалмай қатты ұйқыда ұйқтап жатып,
Білмеген алып бірін осылардың;
Серпілмей сезбей ұйқтап алып жатса,
Тағы да білген жан жоқ алып барын.
Бір күні әлгі алыпқа кез болыпты
Аралап жүрген біреу ел алабын.
Таңырқап таң-тамаша тұрып қалды,
Не дерін, білмей тағы не қыларын.
Қайтеді сүйтпегенде көрмеген жан
Алыптың таң-тамаша тұлғаларын.
Қиялға талай тәтті батты қазақ,
Алыптың көріп тұрып «қылтамағын»*,
Әрине ол уақытта болжау қиын,
Бүгінгі уақиғаның болашағын.
Той қылған болар еді ат шаптырып,
Білсе егер мол дәулетке жолығарын.
Көп өмір өтті бейне бұлдыр сағым,
Жая алмай жерге қарап ел құшағын.
Қараңғы, аңқау едік ол заманда,
* «Қылтамақ» деп көмірдің алғашқы табылған жерін атайды.