Page 20 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 20
ным» деген өлеңнің туу тарихын баяндай келіп, Жармағамбет Ыс-
мағұлов былай дейді:
«1920 жылдың көктемінде Қарағандыда үш таған сайланды.
Құрамына Сыпан Серікбаев, Нариман Ахметов және Трабовский
т. б. өтті. Ерік өзімізге тиіп мәре-сәрә болып жатырмыз. Сонда
көңілденіп кетсем керек, жиналған топқа былай деп бір ауыз өлең
айттым:
Ау, халайық, тыңдаңдар, сырым мұным,
Күн емес, түнек болған күнім бұрын.
Ерлердің қызыл сұңқар арқасында
Көрдік қой бостандықтың нұрын бүгін».
Революцияға дейінгі өмірді түнек дүние десе, жаңа өмірді
нұрлы күнге, ақ бандалардан арылтқан Қызыл Армияны сұң-
қарға теңейді. «Қызыл» деген сөз бұл дәуірде жаңа мағыналы сөз-
ге айналады. Сөйтіп, 1917-1920 жылдардағы жұмысшы жырлары
капиталистердің тепкісінен азат етілгендегі қуанышты сезімін ба-
яндайды; ақ бандалар мен алаштық азғындарға деген халықтың
қарғысын, қарсылығын бейнелейді; өздерін азат еткен Қызыл сұң-
қарға деген ақ ниетінен туған алғысын айтады.
Ал, 1930 жылдан бастап Қарағанды өндірісіне жаңа өмір келді.
Ірі құрылыстар салына бастады. Ұлы өзгерістерге байланысты жұ-
мысшылардың өмірге көзқарасы да, ой-пікірі де өзгерді, жаңа ру-
хани күш творчестволық өрлеу туғызды.
«Ильич шамы жанғанда» деген әңгімеде Октябрьге дейін сасық,
лас, сыз барақта білте шаммен өмірі өткен шахтер семьясы Хан-
ша деген қарт ананың үйінде алғаш рет электр шамы жанғандағы
оның қуаныш-сезім күйі (психологиясы) беріледі. Қарт ана әуел-
де шам жарқ етіп жанғанда қорқып қалады, артынан оның піл-
тесі, майы қайда деп таңырқайды. «Сондағы қорыққаным-ай!» де-
ген әңгіме де осы тақырыптас. Кенші Алтынбаевтың өмір тәжри-
бесінен туған «Донбаста» деген әңгіме де лава ішіндегі улы және
өртенгіш газдардан арылу, оған қарсы күресу шаралары айтыла-
ды. Онымен қатар Донбас пен Қарағанды кеншілерінің достығы,
қарым-қатынас, байланысы әңгімеленеді. Совет адамдарының сана-
сындағы құбылыстар баяндалады. Оның бәрі лава өміріндегі өз-
герістермен байланысты болып келеді. «Бұрынғыдай газы жоқ
қолқаны атқан» деген өлеңде лава ішіндегі өзгерісті:
Бұрынғыдай газы жоқ қолқаны атқан,
Сасық иіс, сазы жоқ белше батқан.
Күндізгідей жап-жарық іші шахта
Көтеріңкі көңілің рақат тапқан.-
деп, революцияға дейінгі асты-саз, і ш і - г а з минут сайын шахтер
өміріне қауіп төндірген ескі лава көрсетілсе, «Келген кезде біз-