Page 17 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 17
аралас жүріп ән салды. Орыс жұмысшыларының озық санасынан
туған өлеңдерін өздеріне ортақ мұра етті.
Шәйіт Асайынов былай дейді: «Бекбосын Сиқымбаевтың Бөле-
ген деген інісі, соңынан бірнеше жұмыскерлерді ертіп патшаның
жарлығына қарсы Спасскі маңында топталған халықтың көтері-
лісін басқарып кетті.
— Ой, шіркін-і-і-н! Қандай жігіт еді. Жанып тұрған от еді, шір-
кін! Сонда:
Батыл бас аяқты, кедейлер!
Рухымен күреске бекемден.
Туды шақ өзіміз жол ашар,
Бостандық дүниеге кеудемен,—
— деп өлең айтатын еді.
1916 жылғы июнь жарлығы қ азақ даласында қайтадан револю-
циялық өрлеу туғызды. Жұмысшылар көтерілісшілерге қосылып
жатты. Қарт кенші Бекбосын Сиқымбаевтың басшылығымен 500
адам патшаның жарлығына қарсы көтеріліс жасады. Ол көтеріліс
400 кісіден құралған жазалаушы отрядтың күшімен ғана басып-
22
жаншылды .
Осы көтеріліске барып араласқан қазақ жұмысшылары орыс
жұмысшыларының озық ой-өрісінен туған «Батыл бас аяқты, жол-
дастар!» сияқты өлеңдерін ала барды. Осыған үндес патшаға, бай-
ға қарсы күреске шақырушылық сарында «Тоқым сал, ертте жа-
уырға'», «Мойынға мықтап түскен бұл тұзақтан», «Аштықтан се-
ніп қатқан қалың жалшы» сияқты өлеңдер пайда болды. Бұл өлең-
дер патшаның 1916 жылғы июнь жарлығына бағынбауға, оған қар-
сы бірлесіп күресуге үндейді.
Сөйтіп, большевиктік партияның басшылығымен жүргізілген
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс 1917 жылғы Ұлы Октябрь со-
циалистік революциясымен ұштасты.
1917 жылдың ноябрінде қ азақ даласына ұлы жеңіс туралы—
Ұлы Октябрь Социалистік Революциясы туралы хабар келді.
Ұлы Октябрь Социалистік Революциясы капиталистердің тас ір-
гесін талқан етті, халықты қанаушылықтан мәңгі құтқарды. Жа-
ңа рухани күш берді, творчестволық өрлеу туғызды. В, И. Ленин
Клара Цеткинмен бір әңгімесінде: революцияның қамаудағы бар-
лық күшке еркіндік беріп, оны тереңнен өмір бетіне айдап шығар-
ғандығын 23 айтты.
Сөзіне көрік, ойына ерік беріп сөйлеуге бөгеті көп өмірден қа-
ғажу көрген халық Октябрь революциясының нәтижесінде барлық
жағынан азаттық алды. Ойын ашық та, батыл айтуға аңсап күт-
кен дүниені, өмірді көрді. Партиялық қамқорлыққа бөленді.
Жұмысшы табының творчестволық күшін ерте аңғарған комму-
нистік партия сол жұмысшы табы өлең-жырларының тек социалис-
2 2
Е. Д и л ь м у х а м е т о в . Революционное движение горнорабочих Казах-
стана в начале XX в. (1900 — 1917). Алма-Ата, 1955, стр. 98.
23 Сб.: «Ленин о литературе и искусстве». М., 1938, стр. 136.
-
2- 1 38 17