Page 16 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 16
жұмысшыларының оларға қарсылық тұлғасын барлық шындығы-
мен көрсетеді.
Карно, Жәкен, Фелльденттерге (Нельсон Фелльді қазақтар со-
лай атаған), қазақ байы — Жәкенге енді Мартылиго, Әлімжан, То-
порниндер бастаған орыс, қ азақ жұмысшыларының тобы қарсы
шығады.
Сөйтіп, өмірдің ащы-тұщысын бірге көрген, асты тоң, қабырғасы
сыз жер кепелерде бірге ұйықтаған, іші газ, тізеден су шахта ішін-
де бірге жұмыс істеген орыс, қ азақ жұмысшылары бірінің бірі қай-
ғысына ортақ болды, жылы ниет, аянышты сезімдерін білдірісті.
Қожайындарға қарсы күрестерде орыс жұмысшылары аға болып
бастады, қ азақ жұмысшылары іні болып қостады, соңынан ерді.
В. И. Ленин 1908 жылы жазған «Дүниежүзілік саясаттағы жан-
ғыш материал» деген мақаласында Қазақстан сияқты Россияның
шет аймақтарында да империализм дәуіріндегі едәуір дамыған
капиталистік өндіріс орындарында орыс пролетариатының, азия-
лық пролетариат табының туғандығын атап көрсетті. В. И. Ленин:
«Европаның саналы жұмысшыларының енді азиялық жолдастары
бар және бұл жолдастарының саны күн сайын емес, сағат сайын
21
өсе береді» ,— деп жазды.
1905—1907 жылдардағы революңияның қарсаңында көріне бас-
таған ұлы достық тап күресі шиеленіскен сайын, әсіресе бірінші
империалистік соғыс дәуіріндегі өлең-шығармалар да қанатын кең
жайып, тамыры тереңдей түседі.
Бұл Валериан Куйбышев бастаған Қызылжар, Көкшетау, Ақ-
мола қалаларындағы революцияшыл партия группаларының жүр-
гізген саяси революциялық жұмыстарының нәтижесі еді. Ол груп-
палар ел арасында саяси кітаптар және листовкалар таратумен
қоса, жұмысшылардың революциялық сарындағы өлең шығарма-
ларын да пайдаланып отырған. 1916 жылғы халықтың ұлт азаттық
қозғалысы қарсаңында орыс жұмысшыларының «Варшавянка»,
«Смело, товарищи, в ногу» сияқты өлеңдері қазақ тіліне аудары-
лып, қазақ жұмысшыларының арасына өз ана тілінде жеткен. «Ба-
тыл бас аяқты, жолдастар!» Қарағандыдағы Горбачев атындағы
шахта бастығының орынбасары Шәйіт Асайыновтан, Қарағанды-
ның Тельман ауданында тұратын қарт кенші Хасен Манкиннен,
Павлодар облысы, Жосалы руднигінде Мағзұм Ахметовтен, 1916
жылғы халық көтерілісіне қатысқан, Аманкелді Имановтың жақын
серіктерінің бірі, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Омар
Шипиннен жазылып алынды. Бұл адамдардың айтуына қарағанда
бұл өлең 1916 жылы таралған.
Орыс халқымен мұңдас, болашақ туралы тілегі бір қазақ ең-
бекшілері орыс жұмысшыларының өлең-шығармаларынан өздері-
нің көңіліне қонымды, ұғымына жеңіл, көкей кесті арман-қиялы-
мен ұштасқан сазды үннің сырын түйді. Дәстүрлі достық үстінде
21 В. И. Л е н и н . Шығармалар, 15-том, 181-бет.