Page 18 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 18
тік қоғамда ғана кең түрде, шарықтап дами алатындығын 1917
жылдың өзінде-ақ айтты.
Коммунистік партияның органы «Правда» газеті 1917 жылы:
«Пролетарлық искусство өзінің даму сатысына тек социалистік
қоғамда ғана көтеріле алады»,- деп жазды.
«Правда» газетінің бұл айтқанын өмір дәлелдеді. Мысалы, Қа-
рағанды жұмысшыларының өлең шығармалары тек совет дәуірін-
де ғана қанатын кең жайып еркін дамыды.
Бірақ ұлтшыл-буржуазияшыл алаш сатындылары шет ел им-
периалистерімен және ақ бандалармен тізе қосып, ел басына тү-
нектей түнерген өлім септі, халықтың адал ұлдарын қанды қыр-
ғында ұшыратты. Сол кезді есіне ала келіп, X. Манкин «Әдейі ар-
нап мен келдім» деген өлеңнің сол дәуірде шыққанын хабарлайды.
«1918 жылдың күзінде Қарағандыға Колчак жендеттері қаптап
кетті, шет ел байлары Қарағандыға қайта қожалық етті. Жұмысшы-
ларға қуғын салып, қыспақ көрсетті, бірін атқызса, бірін дарға
тартқызды. Сол жылы күздігүні Ботақарада 24 тұратын Рақым дей-
тін жамағайынымызды ақтың бандылары қылыштап өлтірді. Біз
үй ішімізбен мәйіт орнына бардық. Сонда Ілекеңнің 25 көз-жасы
сорғалап отырып:
Әдейі арнап мен келдім,
Естіп ауыр қайғыны.
Шаһит бопты Рақымың
Арты болсын қайырлы.
Топырағы торқа боп,
Болсын марқұм иманды.
Бейіштен құр қалдырмас
Елі үшін жан қиғанды-
деп өлеңмен көңіл айтты дейді.
Ілиястың жұбатып айтқан сөзіне көңілі босаған Рақымның
анасы, төменде келтірілген көлемі шағын жоқтауда бұрыннан
қалыптасқан ауыз әдебиетіндегі еркін көсіліп, сыдырта жөнелетін
және түсінікті шынайы пікір айтатын жоқтау үлгісін сақтай оты-
рып, былай дейді:
Көлге шыққан жалбызым
Көктей кетті не керек.
Арманына жалғызым
Жетпей кетті не керек.
Түн ұйқысын төрт бөлген
Шай орнына сүт берген
Өкпе-бауыр жұлыным,
Еркетайым, құлыным
«Ақ топалаң» қолынан
Сеспей кетті не керек.
Мұнда ақ бандаларды қойға жаппай қырғын келтіретін топа-
лаңға теңеп, оның қанды сұрқиялығын әшкерелейді.
Бұл жоқтаудың тағы бір ғажабы, өзегін жарып шыққан жалғы-
24 Ботақара - кәзіргі Қарағанды облысындағы Ворошилов атындағы аудан
орталығы тұрған жер.
25 Ілияс Манкинді Қарағанды жұмысшыларының көбі осылай атаған.