Page 24 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 24

рінің  атынан  Ілияс  Манкин,  №  2  шахта  кеншілерінің  атынан  Көшен
          Елеуов  сөйлейді.  Әрқайсысы  өз  шахталарының  жетістігін  айта  оты-
          рып,  өзімен  айтысып  отырған  шахтаның  кемістігін  ашады:  №  1
          шахта  кеншілерінің  атынан  айтысып  отырған   ақын  Ілияс  Көшен
          арқылы   екінші  шахта  кеншілеріне:

                         Қазып  айт  мінім  болса  ағасынба,
                         Түспейді  деп  кім  айтар  аға  сынға?
                         Жасырған  жарты  жылдық  борышың  бар
                         Сонан  сен  жүрт  алдында  танасың  ба?
                         Жарыста   ұлы  дүбір  артта   қалып,
                         Тым   құрды  жарамадың   қарасынға,-

          деп  социалистік  жарыста  артта   қалып   қойған  кеншілердің   қыты-
          ғына  тие,  намысына  соқтыға  сөйлейді.
             №  2  шахта  кеншілерінің  атынан  сөйлеген  Көшен  ақын  да  №  1
          шахтаның   кемістігін  көрсетіп,  оған  орай  сөз  айтады.
             Осы  сияқты   Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  туып,  жаңа  мазмұнмен
          дамыған   Қарағанды   ақындарының   айтыстары   кеншілердің  кеміс-
          тігін  көрсете  отырып,  жаңалыққа  жетеледі,  еңбекке  мегзеді.  Тыл
          мен  майдан  тілегін   ұштастыра  сөйледі.  Бұлай  жырлау  жалаң  ай-
          тыстарға  ғана  емес,  Отан  соғысы  жылдарында  туған  барлық  ірілі-
          уақты  өлеңдердің  үзілмес  арқауы,  өзекті  желісі  болып  келді.  Мы-
          салы.  1942  жылы  Отан  басына  ауырлық   түсіп  тұрған  кезде  №  9
          шахтаның   жұмысшысы    Қамза   Әлімбаев  шахтерлерді:


                          Көмірді  өндір,  кенші,  өндір  көп   қып,
                         Атуға  сұм   қасақы  жауға  оқ   қып.
                          Жеңіспен   ұлдарыңды   қайтсын  десең,
                                                                                                                                                                                                                                                                                               Талқандай жау жасағын жойып жоқ қып, -

          деп  көмірді  көп  өндіруге  шақырады.  Елімен,  жерімен,  ата-ана,  жа-
          рымен  қоштасу  сияқты,  болмаса  сәлем  хат  түрінде  айтылған  өлең-
          дердің   қай-қайсысында  болмасын   фашистік  басқыншыларға    қар-
          сы  бағытталған  халықтық   қарғыс,  өшпенділік  айтылады.  Келіспес
          күреске  үндейді.
             Отаншылдық    ойдан,  патриотизмдік  сезімнен  туған  бұл  жырлар
          халықтар   арасындағы   үзілмес  достықтың  айқын  айғағы.
              Отандық  қамқорлыққа   бөленген  жұмысшылардың     шатты  өмір-
          ге  толы,  сергектік  сезімнен  туған  социалистік  саналылық  пен  жол-
          дастықты   уағыздайтын  жырлары   болашақта   да   қанатын  кең  жай-
          ып  гүлдене  бермек.
              Әрине,  жинаққа  кіргізіліп  отырған  шығармалардың  бәрін  бір-
          дей  көркемдік  жағынан  жоғары  шығармалар   деп  айтуға  болмайды.
           Өйткені,  жұмысшылардың    өлең  шығармалары   шаруалардың    ауыз
          әдебиетіндей  халық  арасына  кең  таралмаған,  ғасырлар  бойы  көр-
           кемдік  шыңдалудан  өтіп  үлгірмеген.  Жұмысшы   табы   қандай  жас
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29