Page 25 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 25
болса, оның шығармалары да сондай жас. Оған қарамастан бұл
жинаққа енген қарт кеншілердің әңгімелері мен өлең-жырлары
Қарағандыдағы қ азақ жұмысшыларының өмірі мен дүниеге көз-
қарасын, тіл ерекшеліктерін (өндіріске байланысты терминология-
сын) 27 айқынырақ ашуда тілшілерге, жазушыларға, әдебиетшілер-
ге және тарихшыларға көмекші материал бола алатыны күмәнсіз.
Бұл — қазақ жұмысшыларының әңгіме, жырларын жинақтап
оны жеке кітап етіп бастырудағы Қазақ ССР Ғылым академиясы
Тіл мен әдебиет институтының алғашқы қадамы ғана. Қазақстан-
дағы жүз жылдаған өндірістік тарихы бар жұмысшылардың мәде-
ни мұрасын, әңгіме-жырларын жинақтап бастыру мұнымен аяқтал-
мауы тиіс. Оны жинақтап, қағаз бетіне түсіру халық творчествосын
зерттеуші ғалымдармен қоса әрбір саналы, мәдениетті адамдардың
ардақты борышы болмақ.
IV
Жинаққа Қарағанды жұмысшыларының революцияға дейінгі
және кейінгі дәуірдегі өміріне байланысты туған әңгімелері (есте-
ліктері) мен өлең-жырлары, дастанаары мен айтыстары кірді.
Көпшілік оқушыларға түсінікті болу мақсаты көзделіп, кітап-
тың бірінші бөліміне кірген әңгімелерге құрастырушылар сөзі же-
тіспей тұрған сөйлемдерге сөз қосу, орны ауысып тұрған сөздерді
орнына қою сияқты кейбір стилистикалық өзгерістер енгізуге мәж-
бүр болды. Кұрастырушылар енгізген ондай жаңа сөздердің әрқай-
сысы екі жағынан жақшаға алынды. Және әңгімелердің айтылуда-
ғы қалпы сақталынды. Мысалы: «... ініне қояды да кетеді». «Содан
бір жылдан кейін», «іш жақтан Бақтыбалаға бостандық қағаз
келді» «... Ойдай, 19 бен 31 жастың арасын сыпыра бастасын-ай
кеп!» деген сияқты сөздер айтылу қалпында жіберілді. Ал, кітап-
тың екінші бөліміне кірген өлең-жырлар айтушылардан жазылып
алынған қалпында өзгеріссіз басылып отыр. Мұны бұлай беру
себебіміз ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктерін сақтау мақ-
саты көзделді.
Текстерде кездесетін түсініксіз сөздерге кездескен беттің соңын-
да түсінік берілді. Және кітапқа кірген әр текстің нұсқалары кім-
нен, қашан, қай жерде кімнің жазып алғандығы, тексті хабарлау-
27 Жұмысшылардың Октябрь революциясына дейінгі аңыз-әңгімелері мен
өлең жырларынан шаруалар әдебиетінде болмайтын: көмір, тас көмір, көктас, зау-
ыт, шахта, ташка-қайлашы, тыңшы, бақылаушы, надсмотршик, бөдірет, штраф,
«блужка», барабан, ақауыз, «байға ағыз» сияқты сөздерді; совет дәуіріндегі шы-
ғармаларынан: врубмашина, бұрғышы, рештак, көмір комбайны, лава, смена,
штрек, техник, вентиляторшы, кочегар, эксковатор (кейде іске батыр деп те ай-
тады), механизм, механик, цикл, цикл алу, электровоз, бункер, шлак сияқты
сөздер кездеседі.