Page 21 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 21
дің сұлу қалаға» деген өлеңде кәзіргі советтік шахтаның іші бы-
лай суреттеледі:
Келген кезде біздің сұлу қалаға,
Клетпен түс шахтамызға, лаваға.
Қайнап қызған онда да бар сәнді өмір
Тамашалап, достым, еркін арала!
Революцияға дейінгі азап, мехнаттың ұясы болып келген шах-
тада ауыр азап шеккен шахтер, совет дәуірінде оның ішкі-сыртқы
бейнесінің адам таң қалғандай өзгеріп, бақыт ордасына айналған
Қарағанды қаласын, оның механизацияланған шахтасын көтеріңкі
үнмен мақтан ете сөйлейді. Түйе кетпен мен қайланың орнына
врубмашина мен комбайн, қол күректің орнына рештак, ташке
мен шана орнына электрлі вагонеткалар, жылжымалы лебедкалар
келді. Лава ішінен өлім кетіп, өмір келді.
Бұл жаңалықтар халық таланттарына, жұмысшылар арасында
өсіп, шыныққан ақындарға ой салды, тақырыптар ұсынды, ақын-
дық шабыт туғызды. Өлең-жырларының өзекті желісіне айналды.
Ақын Қайып Айнабеков:
Лаваны көріп тұрсаң көңіл бөліп,
Кеткендей бар ауырлық жеңілденіп.
Ішінде штректің вагондар жүр,
Москваның метросы секілденіп.
Көркіне көзім тойды көңіл толып
Көзімді салғанымда бір-бір шолып!
Ойнап жүр нажағайлар ер қолында,
Қақ жарып, тасқа салып жорық, -
деп, кәзіргі шахта астының көркемдігін дүние жүзіне әйгілі совет-
тік метроға теңесе, шахтердің қолындағы врубмашинаны нажа-
ғайға теңеп, поэтикалық түйін жасап, шебер суреттейді.
Лаваға кен комбайнның кіргізілуі Қарағанды жұмысшылары-
ның тарихындағы елеулі бір оқиға болды. Ол туралы Социалистік
Еңбек Ері, пенсионер қарт кенші Мұстафа Айтқұлов былай дей-
ді: «Егін емес, көмірді комбайнмен шабады дегенге әуелде күдік-
тене қарадық... Бірақ оның кейін көмірді қалай шапқанын көз
көрді. Жүз шахтердің шапқанын жалғыз өзі шабады десем өтірігі
болмас! Мұндай жойқын күшті кім көрген. Бір жағынан көмірді
құлатып жатса, екінші жағынан өзі тиеп жатыр.. Қандай өнімді!
Ілияс марқұмның өлеңі еріксіз ауызға түседі.
Құмар ем жерді жарған дабысыңа,
Ырзамын комбайным, шабысыңа.
Қопарған кен жартасын күтірлетіп,
Көмірді кең құлаштап алысыңа.
Ілияс марқұм ақын еді ғой, комбайнның қимыл бейнесін, оның
атқаратын қызметін де қандай әдемі айтқан...»—деп ақын шебер-
лігіне сүйсіне сөйлейді, М. Айтқұлов.
Еңбегін жеңілдеткен бұл машинаға сүйсіне қараған кеншілер