Page 22 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 22

арасында   сан  алуан  жыр  туды.  Олардың  бірі  көркем  болса,  бірі
        солғын  да  өңсіз  болды.  Бірақ  барлығында  да  кеншілердің  қуаныш-
        сезімі  баяндалды.  Комбайнның   кесек   қимылына  көзі   қанып,  кө-
        ңілі  өскен  жас  жұмысшы  Нұрахмет  Исин:

                     Болат  тұяқ  комбайн  асыл  тісті,
                     Өр  кеуделі,  жойқын  күш  аса  мықты.
                     Өзі  шапқан  көмірді  өзі  тиеп,
                     Кім  білген  бұған  дейін  мұндай  істі,-
        дейді.
            Ал,  шахтерлікті  басынан  өткізген,   қолына   қайла  алып,  көмір
        шапқан   ақын  Ғабдимен  Игенсартов  сол  комбайнды лава өміріне ар-
        наған  дастанының   өзекті  желісі  етті.  Комбайнның  көмірді  шабы-
        сын:

                     Көк   құрыш   қаршылдатып  тасты  шағып,
                     Машина  екіленсе  дүр-дүр   қағып
                     Маман   қыз  оны  мүлде  баурап  алған,
                     Электр  дейтін  оттан  ноқта  тағып.
                     Үш  шалғы   қабырғада   қатар  ойнап,
                     Астыңғы  кеулей  орып  тартса  бойлап,
                     Үстіңгі  кенерені  сөге  тіліп,
                     Орта  жүзі  серпеді  салып  ойнақ.-

        деп  суреттесе,  шабылған  көмірдің  адам  күшінсіз-ақ  вагонеткаға
        тиелуін  былай  бейнелейді:

                     Зырылдап  шыр  айналған  етек  тосып,
                     Лента  бар  артқы  жаққа   қойған   қосып,
                     Өреге  осы  лента  тынбай   құйып
                     Ылдиға  кетіп  жатыр  көмір  жосып.
                     Вагонын  вагоншы  да  тізе  тартып,
                     Шоңқайта  тиеп  жатыр  жүгін  артып,
                     Кең  арна  лоқси  түсіп  лақ-лақ   құсып,
                     Түйдектеп  төгіп  жатыр  бәрін  сарқып.

           Ақын   аяғында  вагонеткаға  тиелген  көмірдің  сыртқа  электрич-
        ка  арқылы  шығарылатынын     айтады;  адамды  ауыр  бейнеттен  құт-
        қарған  бұл  техниканың  адам  күшінен  артықшылығын    баяндайды:
                     Істейтін  елу  шахтер   қаруланып,
                     Күндегі  көп  терімнің  бәрі   қалып.
                     Бір  өзі  бар  забойға  төтеп  беріп
                     Талқандап  щықты  міне  жалғыз  алып.
                     Тау  шабар  екілене  күр-күр   қызып
                     Кер-қайсаң   қожыр   құзды  етті  бұзып.
                     Осыны  көрсе  бүгін  не  дер  еді,
                     Жүргендер  баяғыда   қолмен  мыжып?
           Еркін  еңбек  үстінде   Қарағанды  жұмысшыларының      арасында
        құлашын   кең  тастап  жаңа  мазмұн,  жаңа  идеямен  келген  мұндай
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27