Page 19 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 19

зына  деген  жан  сезімді  тебірентерліктей  ана  махаббатының  ұлылы-
            ғы  да  нәзік  лирикалық  түйінмен  шешілуінде.
               Сонымен   қоса  жоқтаудың  екінші  шумағында:

                                Ата-анасы  оның  да
                                Мендей  болып  зарлағыр,
                                Тажал  тапқан  осындай
                                Егіз-екі  оңбағыр.
                                  Ұлы кетіп  ұрымға,
                                  Қызы кетіп  қырымға
                                Болмай  жылда  өлімсіз
                                Оба  тиіп   қырылғыр
                                Қалса  игі  еді  көмусіз,-
            дей  келіп,  жауыздықтың   уын  шеңгелдеп,  адам  баласына   тажал
            болып  тиген  емес,  бөле  тапқан  ата-анасын,  егіз-екіде  оңбаңдар,  деп
            лағнат  айтып  назаланады.  «Ұлың  ұрымға,   қызың  қырымға  кетіп,
            оларға  оба  келіп,  жылда  үйіңнен  өлік  шығып  көмусіз  қалсын»  деп,
            жан  түршігерлік  ауыр  қарғыстың  қара  таңбасын  басады.
               1918  жылдың  февралында   М.  В.  Фрунзе  қ азақ  еңбекшілерін  ақ
            бандалармен   тізе   қосқан  алашордашылар   мен  бай-феодалдарға
            қарсы  күресуге  шақырып,  үндеу  жазды.  Онда:  «Туысқан    қазақ-
            тар!  Жаңа  өмірдің  сәулесін  әкеле  жатқан  Совет  өкіметін  қорғауға
            сіздерді  шақырамын...  Өкіметті  тез,  еңбекшілер,  өз   қолдарыңызға
            алыңыздар!» 26-  дейді.
               1919  жылдың  жазында   Жезқазған  өңірі  ақ  бандылардан  тазар-
            тылды.  Соның  ізінше  Қарағанды,  Спасскі,  Успенскі,  Жезқазған т.  б.
            өндіріс  орындарындағы   шет  елдік  империалистер  де   қуылды.  Ха-
            лықты  қанға  бояған  капиталистік  обырлардың  бір  түнде  жоқ  бол-
            ғаны  туралы  жұмысшылар    арасында  «Сайран   салып  көп  жүрген»
            деген  мысқыл  өлең  пайда  болады:

                                 Сайран  салып  көп  жүрген
                                 Аяғы  жылан  көрініп
                                 Кірерге  ін  табалмай,
                                 Өсіп  кеткен  семіріп,
                                 Қызылдарды  көргенде,
                                 Зыта   қашты  еліне,
                                 Тұмсық  тыққан  сан  жылдар
                                 Қарағанды  кеніне.
               X.  Манкиннің  айтуына   қарағанда  бұл  өлеңді  1919  жылы  Жар-
            мағамбет  Ысмағұлов   шығарған.
               Жармағамбет    Ысмағұловтың     (партия  мүшесі,   қазір  Тельман
            ауданындағы   «Путь  к  коммунизму»   колхозында   тұрады)  өзі  де
            бұл  өлеңді  сол  жылы  шығарғандығын  хабарлайды.
               Сөйтіп,  1919  жылдың  көктемінде   ағылшынның     билеп-төстеу-
            шілері   Қарағанды  өндірісінен  мәңгі  келмеске  кетті.  Жұмысшылар
            азаттық  алды.  Капиталистік   құлдықтан   құтылған  жұмыскер   ха-
            лықтың   қуанышынан   туған  «Ау,  халайық,  тыңдаңдар,  сырым  мұ-
               26  «Қызыл  Орал»  газеті,  1919,  16  февраль.
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24