Page 23 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 23
шығармаларды революцияға дейінгі дәуірдегі халық творчество-
сынан кездестіруге болмайтын.
Қарағанды жұмысшыларының өлең-жырлары лавада туды, ең-
бек үстінде айтылды, олардың үлгілі өнерін мадақтап, кемістігін
жасырмай бетіне басты; ерінбей еңбек еткендерді үлгілі ете сөй-
лесе, еріншектерді зілді мысқылға алды.
Қарағандының Киров атындағы шахта бастығының орынбаса-
ры Қапаш Алтынбаевтан алынған күлдіргі өлеңде Жолдыбай де-
геннің жалқаулығы сыналады (оның Жолдыбай деген атын құр-
былары Бүйен деп өзгертеді):
Ұйқысы бір қанбаған,
Он кашыны жалмаған
Көрген жұрт саған күледі
Бүйен ғой деп оңбаған,—
деп ажуалапты. «Ұйқысы бір қанбаған» деген сөз арқылы оның
жатып ішер жалқаулығын аңғартады. Сол кезде № 3 шахтада (кә-
зіргі Киров атындағы шахта) забойщиктер бригадасының брига-
дирі Мағауия Рақышев айтты деген бір өлеңде әлгі жалқауға бы-
лай делінеді:
Болғанда ұйқың қанық, бойың сергек.
Шахтаға түсіп шығу еттің ермек.
Жалқауға сен сияқты Бүйен «салым»
Қазна қанша айына ақша бермек?
Мұнда сұрақ беру арқылы жалқауды мысқыл күлкіге айналдыра-
ды, кекете сынайды. Аяғында:
Аталып «бригада жалқауы» деп
Жағылған біздің бетке күйе болдың,-
деп өздерін алға емес, артқа тартқан жалқауға бригада коллек-
тивінің ренішті пікірі айтылады. Қ. Алтынбаевтың айтуына қара-
ғанда зілді, сынды әзілге ұшыраған Бүйен түзеліп, таңдаулы жұ-
мысшылардың қатарына қосылады.
Істе қорқақ, жұмыста жалқау жандардың жанына тиіп кеміс-
тігін әр жақты қамтып, бетіне баса айтатын юмор өлеңнің асыл
қасиеті де осында.
Халықтың бұрынғы ескі айтыс дәстүріне ұқсас, бірақ үлгісі
мен бағыты өзгеше тың тақырыпты жаңалығымен жаңа айтыстар
да туып, дамиды. Қарағанды кеншілерінің өмірінен туған айтыс-
тарда Қарағанды өндірісінде болып жатқан сан алуан құбылыс-
тар мен өзгерістер, ұлы істерді іске асырудағы еңбек адамдарының
ерлігі жырланады. Онымен қатар айтыстар сынның, өзара сынның
әсерлі де өткір құралына айналады. Мысалы, 1944 жылы 25 июнь-
де № 1 шахта мен № 2 шахтаның айтысында № 1 шахта кеншіле-