Page 15 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 15

Ер  жігіт  мың  күн  өлмес,  бір  күн  өлер,
                         Ал,  кәні,  кедей-жалшы,  сонымнан  ер!
                         Барында  талайынның  бір  шауып   қал,
                         Шақырды  осылай  деп  Топорнин  ер.
           Мартылиго,   Топорнин  туралы  өлеңдердің   қай  нұсқасында  бол-
        масын,  халықты   қайыршылыққа  ұшыратушылар     байлар  мен  капи-
        талистер  екендігі  түсіндіріледі  де,  өлең  Топорниннің  халықты  олар-
        ға  қарсылыққа  шақыруымен   аяқталып  отырады.  Бұл  — тарихи  фак-
        тылардың   халықтық  шығармаларда    дұрыс  көрсетілетіндігін  дәлел-
        дейтін  жағдай.  Өйткені  1905  жылғы  Успенскі  жұмысшыларының
        ереуілге  шығар  алдындағы  митингісінде  Топорнин  былай  деп  сөй-
        лейді:
           «Жолдастар!   Біздің  қас  жауымыз  —  капиталистер,  оларға   қар-
        сы  бірлесіп  күрескенде  ғана  біз  өзіміздің  саяси  және  экономика-
        лық  праволарымызды    жақсарта   аламыз,  өзіміздің  заңды  право-
        мызды   табандылықпен   қорғайық...  Тілектестік  білдірудің  жалпы
        ереуілін  жариялайық!  Кім   қоштайды?!» 20  Жұүмысшылар   бірауыз-
        дан  Топорниннің  пікірін   қуаттап   қолдарын  көтереді.
            Жоғарыда   үзінді  келтіріп  отырған  өлеңдердің   қай   қайсысында
        болсын  таптық  санасы  оянып,   қанаушылыққа   қарсы  күреске  шыға
        бастаған  осы  жұмысшылар   талабына  қарсы   келіп,  бөгет  жасап
        отыратын   екінші  топ  бар.  Ол  топ — қанаушы  топ,  үстем  тап  уәкіл-
        дерінің  тобы.
             Қарағандының   қарт  жұүмысшысы    Хұсайын  Алтайбаевтың   ай-
        туына   қарағанда,  Успенскі  жұмысшыларының     көтерілісін  басуда
        Фелль   мырзаға   қ азақ  байлары  көмекке  келеді.   Қазақ  жұмысшы-
        ларын  орыс  жұмысшыларынан     бөліп  тастау  үшін  әрекеттер  жүргі-
        зеді.
            Қарт  кенші  X.  Манкиннен  жазылып   алынған  «Керек  емес  ақ-
        шаңыз»   деген  бір  өлеңде  ереуіл  басшыларын  ақшамен  арбап  айт-
         қандарына  көндіргісі  келгендігі  айтылады.  Бірақ,  ол  ерлер  халық
        мақсатын   қара  бастарының   қамы  үшін  айырбастамайды,    айтқан
        сөздерінен  айнымайды,  алған  беттерінен   қайтпайды.

                               Керек  емес  ақшаңыз,
                               Өзіңізге  сақтаңыз.
                               Түсіп   қалар  бергенмен
                                Жыртық  еді   қалтамыз,—
                               Осылай  деп  жігіттер
                               Мырза  сырын  біліпті.
                               Мазақ  етіп  күліпті,—

         делінеді.
            Қарағанды  жұмысшыларының      ереуілге  байланысты  туған  өлең-
        шығармаларында     қожайындар   мен  жергілікті  атқа  мінер  —«пысық-
        тардың»   ереуілшілерге   қарсы  жүргізген  әрекеттерін  орыс,   қазақ

            20
              Революция  1905—1907  годов  в  национальных  районах  России.  Под.  ред.
        А.  М.  Панкратовой.  Сб.  Алма-Ата,  1949,  стр.  640.
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20