Page 192 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 192
Осыны көрсе бүгін не дер еді,
Жүргендер баяғыда қолмен мыжып.
Бұрғылап, біреу тесіп, біреу атпай,
Көмірші күрек салып қайла шаппай,
Комбайн минут сайын тонна шапты,
Күндегі арпалыс жоқ дамыл таппай.
Шахтерлер жарқылдатып қолда шамды,
Шаттығы көздерінен от боп жанды,
Касканы желке жаққа алшы тастап,
Ерліктің жарқын жүзі насаттанды.
Отырған сағат сайын сұрап біліп,
Сәти де кіріп келді сақ-сақ күліп,
Шахтерлер начальнигін ұстай алып,
Қау-қаулап тік көтеріп әкетті іліп.
Деді ол:—Тыңда, достар, үлкен-кішің,
Еш бөгет тойтармайды шахтер күшін,
Не күдір, қиын кезді бірге көрдік,
Ар үшін, Отан үшін, намыс үшін!
Сондықтан айтам алғыс жүрегімнен,
Бұл алғыс қарт шахтерлік тілегімнен.
Алдағы жеңіс күнмен құттықтаймын,
Ұшқанда шырқап алыс түлегіңнен.
Хат келді Әсияжан көкеңнен де,
«Қайлама тот түсірмей жүрсең сен де,
Сол көмір қорытқан күшті танкілермен
Берлинге кірем, — депті, — ертең мен де».
Дегенде шарт-шұрт ұрып шапалақты,
Шахтерлер жерді тебе билеп жатты,
Әсия шаттығына шалқып кетіп,
Домалап бір тамшы жас төмен ақты.
Тойлан да трубканы алып қолға,
Тұтқаны бұрап жатыр оң мен солға,
Әсия кей жерінде қосарланып,
Шыққаны бес жүз тонна деп тұр ол да.
Хабары қуаныштың мініп атқа,
Телефон атой салып алуан жаққа,
Рекорд, рекорд деп жөнелді алып,
Обкомға, облсовет, комбинатқа.
Қаламы өткір ұшты, сөзі желді,
Жар салғыш жаңалыққа, тілші келді,