Page 191 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 191

Маман  қыз  оны  мүлде  баурап  алған,
                           Электр  дейтін  оттан  ноқта  тағып.
                            Үш шалғы қабырғада    қатар  ойнап:
                          Астыңғы   кеулей  орып  тартса  бойлап,
                          Үстіңгі  кенерені  сөге  тіліп,
                          Орта  жүзі  серпеді  салып  ойнақ.

                          Зырылдап   шыр  айналған  етек  тосып,
                          Лента  бар  артқы  жаққа   қойған   қосып,
                          Өреге  осы  лента  тынбай   құйып,
                          Ылдиға  кетіп  жатыр  көмір  жосып.
                          Вагонын  вагоншы  да  тізе  тартып,
                          Шоңқайта   тиеп  жатыр  жүгін  артып,
                          Кең  арна  лоқси  түсіп  лақ-лақ   құсып,
                          Түйдектеп  төгіп  жатыр  бәрін  сарқып.

                          Тұтқаны  басып  қалып  тоқ  жіберіп,
                          Кондуктор  ысқырғанда   әмір  беріп,
                          Айналып  мың  дөңгелек  қан  көбелек,
                          Жөнелді  жүкті  көштер  жолды   керіп.

                          Бер-берлеп  тіреушілер   қолын  сермеп,
                          Тіреуді   қуа   қойды  арттан  өрлеп,
                          Төбеге  матке  тартып,  баған   ұрып,
                          Жүгіріп  жеңілтек  жүр  су  боп  терлеп.

                          Тізіле  сән   құрғандай  салдау  сырық,
                          Қошемет  көрсеткендей   қатар  тұрып,
                          Өкшелеп   комбайнды   келіп   қапты,
                          Қараса  артқа  Тойлан  мойнын  бұрып.

                          Мұндайда   кім  байқайды  болған  шақты,
                          Қиырдан   күнді  бағып  минут  шапты,
                          Бір  сағат  қабағыңды   қақпай  бітіп
                           Жұлдыздай    сорғалаған  мезгіл-ақ-ты.
                          Дегенше  он  екіні  әне   қақты,
                          Әсия  тоқтар  жерге  келіп   қапты.
                          Жеңімпаз   салтанаттың  белгісіндей,
                          Алыбы  бір  күр  етіп  тыным  тапты.

                          Істейтін  елу  шахтер   қаруланып,
                          Күндегі  көп  телімнің  бәрі   қалып.
                          Бір  өзі  бар  забойға  төтеп  беріп,
                          Талқандап  шықты   міне  жалғыз  алып.
                          Тау  шабар  екілене  күр-күр   қызып,
                          Кер  қайзаң  қожыр   құзды  өтті  бұзып,
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196