Page 190 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 190
Қырықтан келген адам жетеу ғана,
Неге жүр, не бітірмек бұл шағын топ?
Сол топқа көрінеді Тойлан бастық,
Науаның бұрап жатыр винтін тас қып.
Асығып Әсия да келді кіріп,
Тіленіп түлек құстай алғыр жастық.
Ол кеше комбайнды айдап өрге,
Әйгілі сыннан өткен үлкен жерде.
Сол сында правоны басып төске
Беті еді келіп тұрған «қой да, берге».
Ақтарып он жыл бойы ойы-қырын,
Шахтаның білген Тойлан барлық сырын.
Лаваны басқаруды баурап алған,
Берік ұстап жұмыскер қол іс шылбырын.
Бүгін де дайындықты ерте қамдап,
Алдымен түскен өзі ырауандап.
Сыралғы болған көптен серіктердің
Ең жақсы егейтөсін алған таңдап.
Тербетіп өре жолын біраз шайқап,
Қол сілтеп механик те тұр айқайлап,
Бар ма деп олқы тіреу, осал төбе,
Лаваны қарап шықты Тойлан байқап.
Секілді аттануға жарлық алған,
Төменге белгі беріп жанған шамнан,
Тағы бір шолып Тойлан айналасын,
«Жүргіз!» деп шықты дауысы айқай салған.
Әсия комбайнды жедел бұрап,
Қара жер солқылдады бел сырқырап,
Жентектеп болат азу күрт-күрт шайнап,
Қобыдан құлап жатты құз бұрқырап.
«Көрсең дос, өте қызық онда өмір,
Ойнайды әмір етсе от пен темір»
Деп ем ғой басыңдағы желпіністе,
Толқыған сеңдей тасып ағар көмір.
Тағы бір зейін салып сонау сөзге,
Қиял мен ерік беріп көргіш көзге,
Мінгізіп сезгір жанды алғыр ойға,
Оқушым, лаваға бар осы кезде.
Көк құрыш қаршылдатып тасты шағып,
Машина екіленсе дүр-дүр қағып,