Page 189 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 189
Тойлан
өзі
күреп,
Деп
көрсеткенде
Көкжалдан үріккендей қой дүркіреп,
Көмірдің селді сеңі жатты жөңкіп,
Кимелеп бірін-бірі сүзіп, іреп.
Ол тегі бір қырындап тұрар еді,
Қайланы қия тартып ұрар еді,
Бұлшық ет бөлек-бөлек сыртқа теуіп,
Көмірдің тауын талқан қылар еді.
Аз шолып айналасын алар еді,
Содан соң түре кесіп салар еді,
Жарқылдап күрегінің алмас жүзі,
Орыны омсырайып қалар еді.
Тағы да оның алды жапырылды,
Қорым тас аударылды, сапырылды.
Аздан соң қара жонның орны қалып,
Тойлан да шетке шыға қақырынды.
Әсия сол қимылын тамашалап,
Әлде не сұрау үшін келді жанап,
Шахтерді сыйлап тұрды ишаратпен,
Көп білер үлкен аға, ұстаз санап.
Деді қыз, — Тойлан аға, өстіп жастан.
Көмірді салдыңыз ба, тапжылмастан?
— Жоқ, күнім, адам жүре шыңдалмай ма
Сан асу, ұзақ жолын кештім бастан.
Үшінші тарау
Күмбірлеп кенеуі кең үлкен шахта,
Лектрвоз тебініп тұр ауыз жақта,
Штрек үзын көше секілденіп,
Жол тартып кеткен алыс шар тарапқа.
Етпеттеп төнгенімен қара сіреу,
Қасқайып илікпей тұр балуан тіреу,
Бар салмақ жалғыз соған түскендей боп,
Шет жақта мықшиыпты әне біреу.
Түйілсе қабағында ашу шөккен,
Қырланса тас кияны борт-борт сөккен,
Асынған қайла белде, күрек қолда,
Күндегі забойшылар қайда кеткен?
Күркіреп нажағайы жарқылдап от,
Тау бұзар неге бүгін атылған жоқ?