Page 188 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 188

Жарқылдап   қолындағы    электр  шам,
                    Лаваға   қарап  үнсіз  келді  бір  жан,
                    Түйілді  отты  көзі  забойына,
                    Тұғырдан   қарағандай  жемге   қыран.

                    Арнаулы  сұр  кенептен  үсте  сауыт,
                   Каскасы   шекесіне  әнтек  ауып,
                    Тұрғаны  айбар  шеккен  арыстандай
                    Қабағын  түйіп   қалса   қарс  жауып.
                    Есімі  сол  адамның  Тойлан  еді,
                    Осында  он  жыл  бойы  болған  еді,
                    Ерліктің  ертелігі  жолын  жортқан,
                    Баяны  сан  дастанға  толған  еді.

                    Жебесі  жасылданған  сұр  болаттай,
                    Сілтесе,  не  қаттыға  қарыс  батпай,
                    Жұмысы   жер  астының  оңай  боп  па,
                    Шыңдалып   жаның   күш  пен  тәнің  қатпай.

                    Тойлан  да  сол  көрікке  түскен  талай,
                    Құрыш   боп  суарылып  піскен  талай,
                    Сұс  тепкен  суық  жүзді  өр  қайраты,
                    Ойнаған  нелер   қиын  іспен  талай.
                    Фанарын  теріс   қойып,  алыс  іліп,
                    Төбеге   қарап  бір   қыз  тұр  іркіліп,
                    «Бір  кезде  мен  де  солай   қарап  ем», — деп
                    Мырс  етті  миығынан  Тойлан  күліп.

                    —  Бері  кел,   қарындасым,  күрегіңді  ал,
                    Көнбейді  құр  тоқпаққа   қара  шомбал,
                    Серпе  тарт,  менше  былай,  оса  көсіп,
                    Салмағын   саныңа  бас,  бүйірлей  сал.

                    Жара  шап,  жігін  тауып,   қарсы  салма,
                    Иыққа  бұра  көтер,  сілтеп   қал  да,
                    Қайланың   екі  басы  бірдей  істік,
                    Байқаусыз  маңдайыңды    ойып  алма!
                    Былқылдап   тым  еңкейме,   қырындай  тұр,
                    Шалқайма,  күш  түседі,  салмақпен  ұр!
                    Алдыңа  ілме  шамды  көз  шағады,
                    Е...  солай,  әлде  болса,  берірек  бұр!

                    Күректің  сол   қол  жағын  мықтап   ұста,
                    Өзіңді  ә  дегенде  онша   қыспа,
                    Қимылға   баса  түсіп  бірте-бірте,
                    Құлашта   денең  тершіп   қызған  т ұ с т а .
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193