Page 187 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 187
Әткеншек күнгір, күбір күйге түсіп,
Кетеді кіндігінен тербеп алып.
Қанатын қакпай жүзіп, көкті шүйген,
Қырандай тоят тілеп, қ абақ түйген,
Сол жерге шеру тартты үлкен бір топ,
Құз бойлап, қыр кешуді жаны сүйген.
Жақпарды көк бауырдай қия керткен,
Жанына нажағайдан жолдас ерткен,
Лаваға кетті сүңгіп машинашы,
«Сөгемін қабырғаңды» деген сертпен.
Күшімен электрдің бұрғы зырлап,
Ұңғыны бүрғышы да салды қырлап,
Ысқырып запальщик қыз дабыл қақты,
«От берем, тау бұзарға, әрмен тұ р»—лап.
Жанар тау лауын құсып, қарып маңын,
Жатқандай ашу төгіп, атып жалын.
Күркіреп ішкі дүмпу сыртқа тепті,
Шығарып қожыр қүздың күл-талқанын.
Шарт еткен жасылы ма, неменесі?
Басталып жер мен көктің төбелесі,
Екеуі енді жапсар құрмайтындай,
Кетті ме шын сөгіліп кенересі?
Жай оты түнді жарып, көкті сойып,
Төбесін түсіргендей түбін ойып,
Солқ етті аспан асты құз қалтырап,
Запальщик жанығанда оқты қойып.
Ол, әне, лава бойын түгел оқтап,
Іштегі барлық жүріс қалды тоқтап,
Динамит кәрін төгіп, шарт-шүрт етті,
Темір қызып тұрған кезде соқтап.
Долданған асау жебе тағы тіліп,
Күрс етті, күтір-күтір жер сілкініп,
Көбеден қопарыла құлап құздар,
Жақпар тас быт-шыт болып жатыр іркіп.
Әскердей шабуылға қанат жайған,
Қалың қол қаптап кетті әлде қайдан,
Айқасы өте қатты, бірақ қансыз,
Тым ойсаң ұлы дүбір қызды майдан.