Page 186 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 186

—  Қарындас,   жол  болсын — деп  анау  шеткі,
                  Деді   қыз  —  көкем  кеше  жүріп  кетті,
                  «Орным   бос,  қайламды  тот  баспасын»  деп,
                  Кетерде  соны  маған  табыс  етті.
                  —   Қарағым,  айтам  алғыс  сендей  ерге,
                  Бара  тұр  әзірінше  жеңіл  жерге,
                  Содан  соң... — деген  сөзге   қыз  көнбеді,
                  Забойдан  басқаны  — деп  айта  көрме.

                  —  Бұл  талап,— деді  бастық  —  құттықтарлық,
                  Зор  талап,  міне  қазір  берем  жарлық,
                  Болады  үйретушің   мына  Тойлан,
                  Білгенше  жер  астының  сырын  барлық.

                  Ей,  Тойлан,   ұқ  мынаны,  маған   қара,
                  Барады   қарауыңа  мына  бала,
                  Үлкен  бір  мамандықты   білер  болсын,
                  Айтылар  түпкі  түйін  осы  ғана.
                  Жанына   бастық  сөзі  жағып  кеткен,
                  —  Құп!  — деді  Тойлан  тұрып  шын  ниетпен,
                  Шахтерді  көз   қырымен  бірер  шолып,
                  Әсия  шығып  кетті  басып  еппен.

                            Екінші  тарау

                  Па  шіркін,  жер  астының  нуы  қандай,
                  Ағылып   жатқан   қызық  дуы   қандай?!
                  Тербеліп  күні-түні   құт  арнасы,
                  Тоқтаусыз  құюынан   тұрған  танбай!
                  Қойнауы   алуан  түрлі  сырға  толы,
                  Үңіліп  оқи  білсең  жырға  толы.
                  Жаныңмен    тебіренбей,  сырттан  шолсаң,
                  Секілді  жатыр  алыс  құстың  жолы.

                  Көрсең  дос  өте  қызық  онда  өмір,
                  Ойнайды   әмір  етсе,  от  пен  темір,
                  Сүйсінбес  жаның  қалай  сол  өмірге,
                  Тасыған  сеңдей  толқып,  ақса  көмір.

                  Қарасаң  қалың   қолдан  жер   қайысар,
                  Жосыған   жүкті  көштен  өр  майысар,
                  Дабылмен   екілене   қызса  майдан,
                  Забойда   қайрат  төге  ер  сайысар.

                  Вагоншы   әйел  әсем  әнге  салып,
                  Тетікті  тебірентсе  бұрап   қалып,
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191