Page 14 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 14

тілек  білдіруші  қызметкерлер  болса,  бізбен  бірге  қол   қоюларына
             болады,» 19  -  деп  жазды.
                Ереуіл  жылдарындағы    қ азақ  жұмысшыларының    ой-санасында-
             ғы  елеулі  өзгерістерді  олардың  өлең-шығармаларынан    аңғаруға
             болады.  Успенскі  жұмысшыларының     ереуіліне  басшылық    етуші
             Мартылиго,  Топорнин,  Әлімжан,  Низовитин  т.  б.  туралы  жұмысшы-
             лар  арасында  бірнеше  өлең-шығармалар  бар.  Ол  өлеңдер  тек  Ус-
             пенскі,  Спасскі,  Қарағанды  жұмысшыларының   арасында  ғана  емес,
             сол  маңдағы  Қарағандымен  шектес жатқан  ауыл  кедейлері  мен  бас-
             қа  да  өндірістік  аудандарға  таралған.
                Бұл  өлеңдерің  өзекті  желісі  -  шетел  империалистері  француз
             Карноға,  ағылшын  капиталисі  Фелльге,  олардың жергілікті  жақтас-
             тары  қазақ  байларына  қарсылық,  азаттықты  арман  ету.  1953  жылы
             22  февральда  Успенскі  руднигінде  Т.  Аманбековтен  жазылып  ал-
             ынған  «Мартылиго   кемеңгер»  деген  өлеңде  Мартылиго  жұмысшы-
             ларды  әртүрлі  салықтарды  төлемеуге  шақырады.  1951  жылы   Қа-
             рағандыда  X.  Салқынбаевтан   Қ.  Мұқышев  жазып  алған  бір  нұс-
             қасында  Низовитин,  Топорниндер  халықтың   жан  ашыры,  ақылгөйі
             етіліп  көрсетіледі.  Еңбекші  халық  өздерін  бауырына  тартқан  олар-
             ды  «жақсы  көрер  жақыным»  деп  түсінеді.  Олардың  адал  жүрегіне,
             ақ  ниетіне  риза  болады.  Өлеңнің  аяғында:

                                    Аңғарған  соң  олардың
                                    Әділ  жолын  көп  халық,
                                    Қос  ағасы  секілді


             делінеді.
                Бұл  -  капиталистік  жебірлердің  озбырлығын  көп  көрген,  жа-
             лыныш  пен  өтініштен олардан  жеңілдік  ала  алмасына  көзі  жеткен,
             сана-сезімі  ояна  бастаған  алдыңғы   қатарлы  жұмысшылардың   пі-
             кірі.  Ереуілдің  нәтижесінде  ғана  болымсыз  жеңілдікке   қолы  жет-
             кен  жұмысшылар,   ереуіл  басшыларының  есімін  ұзақ  жылдар  есін-
             де  сақтады.  Олар  туралы  әр  жерде  ел  арасында  аңыз-әңгімелер,
             өлең-жырлар   туып  жатты.
                Павлодар   облысындағы   Жосалы   руднигінде  тұрушы    Ахметов
             Мағзұм   қарттан  алынған  «Бұрынғы  бірге  жүрген  достар   қайда?»
             деп  басталатын  өлең  де  Топорниннің  атымен  байланысты.  Онда  да
             Топорнин  ақылгөй,  дана,  халықтың  ар-намысын,   мүдде-мақсатын
             жоқтаушы   болып  көрінеді.  Ол  халыққа:

                                 Бұрынғы  бірге  жүрген  достар   қайда?
                                 Отырсың  өзің  міне   қандай  жайда?
                                 Шұбырған  жетім-жесір,  бала-шаға,
                                 Көмусіз   қалған  жоқ  па  талай  сайда?  —
             дей  келіп,  өлең  Топорниннің  сөзімен   қорытындыланады:

                19
                    Қазақстандағы  1905-  1907  жылдардағы  революция  (орысша).  Алматы.
             1949,  111-бет.
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19