Page 184 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 184

Забойшы   қырлай   ұштап,   қайла  таптап,
                    Көмірші  білей  түсіп  күрек  саптап,
                    Ұсталар  сом  темірді  нандай  илеп,
                    Күшті  қол  дөй  балғамен  жатты  қақтап.

                    Қолында   жарқылдатып   жаққан   шамын,
                    Ұлғайды  барған  сайын  толқып  ағын,
                    Машина   гүрілдесе  ат  пысқырып,
                    Қаптап  тұр  ығы-жығы  үйдің  маңын.

                    Каскесі  шекесінде,  шашын  түйіп,
                    Самал  жел  еркелеткен  беттен  сүйіп,
                    Бір  ару  келе  жатты   қайла   қолда,
                    Еркекше  сұр  кенептен  шалбар  киіп.



                    Беу  шіркін,  сәнмен  басқан  осынау  қыз,
                    Қадалса,  күлім   қағып  күлер  жұлдыз,
                   Жігітті  бір  толқытпай   қояр  емес,
                    Болса  да  жаны — суық,  жүрегі — мұз.

                   Ақ   құба,  ашаң  жүзді,  ал   қара  көз.
                   Қыз  еді,  өткір  тілді,  ерке  мінез,
                   Әсия  еді  аты,  жалын  ойлы,
                    Қаршыға  қаз  ілгендей   қимылы  тез.
                   Үй  іші  үшеу  еді;  бірі  шеше,
                   Ағасы  алыс  жолға  кетті  кеше,
                   Ақылын   айтып   қызға  жүрерінде,
                   Бауырын   сүйген  еді  әлденеше.

                   Сол  көке  шығарында   үйден  жолға,
                   Есікке  тақай  бере   қарап  солға,
                   Көргенде  қайың  сапты  сұр  қайласын,
                   Түнеріп  үнсіз  оймен  алған   қолға.

                   —  О,  досым,  жансыз  затсың,  қоштасарға,
                   Мынау  ұш   бұрынғыдай  шоқ  шашар  ма?
                   Осылай   тұра-тұра   ұңғың   қаңсып,—
                   Деп  еді,  —  сұр  жебеңді  тот  басар  ма?
                   Ойланып   әлденені  керіп  қасын,
                   Шақырған    «бері  кел!»  — деп   қарындасын,
                   Бір  иіскеп  ақ  маңдайын  тағы  сүйіп,
                   Сипаған  еркелете   қыздың  шашын.

                   —  Алысып   жатқан  кезде  өмір,  өлім,
                   Қорғауға  ерлер  кетсе  туған  елін,  —
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189