Page 183 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 183

ЛАВАДАҒЫ   ӨМІР  191

                                       Желпініс
                          Асқардың   асуында  аршындаған,
                          Шаршы    топ,  кең  жиында  сан  мыңдаған.
                          Елінің  еркесі  ғой  ақын  деген,
                          Айқайы   айға  жетіп,  ән  шыңдаған.
                          Күй  ме  сол —  мұндай  топта  тартылмаған,
                          Жыр   ма  сол — тоқсан  толғап   қарпылмаған,
                          Арысты   шыңыраудың    забойында,
                          Әдемі  өмір  бар  бір  айтылмаған.

                          Өзгеге  ол  тұрғанда  мойын  бұрмас,
                          Менің  де  сол  өмірмен  жаным  сырлас,
                          Сайыста  терді  талай  бірге  төккен,
                          Айтылмай   жатыр  әлі  сан  тұрғылас.

                          Гүл  атқан  көк  орманда  жүрсе  бұлбұл,
                          Саяда  тамылжытып   төкпей  ме  жыр?
                          Ел  үшін  терін  төккен,  еңбек  еткен,
                          Ерлерді  жырламаған   ақын  бір  тұл.

                          Мейлі  күн,  мейлі  түні  ерлер  тойда,
                          Мың   жүрек  бағынғандай   бір-ақ  ойға,
                          Мың  білек  бір   қақпаның  аузын  ашып,
                          Алдынан   ақтарылған  алтын   қойма.

                          Жарағын   сайлап  сауыт  кисе  бойға,
                          Екпіні  ойран  салған   құж  бен  шойға,
                          Алдында   жатыр  әлі  талай   қақпа,
                          Алыбы   жер  астының  бойла-бойла.

                                     Бірінші  тарау

                          Өр  Алтай,  төр  Алатау,  кекірт  қырдан,
                          Ақ  Еділ,  асау  Ертіс,  дарқан  Сырдан,
                          Бас  қосып  алуан  ұлттың  ұлы-қызы,
                          Қалада  еңбек  дуы  шалқып  тұрған.

                          Іс  бастар  жаңа  күннің  болған  салты,
                          Азанын  айтып  гудок  сағат  алты.
                          Дағдылы   қимылына   өмір  басты,
                          Андыздап   сергек  жанды  шахтер  халқы.

                          Көмкеріп  шығыс  жақты   ақшыл  таңдақ,
                          Құйылды   үлкен  үйге  адам  аңдап,
                          Алдағы  зор  майданға  аттанардай,
                           Кеншілер жарақтарын жатты  қамдап.
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188