Page 182 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 182

Көмірдің  жота-жота  жатқандарын
                       Лезде  есіп-есіп  етті  күреп.
                       Нормаға  норма   қосты  барған  сайын,
                       Кемсініп  бір  есені  екі  еселеп.
                       Бір  күні   құшақтап  кеп  беттен  сүйді,
                      Әнеугі  десятник   қуған  «кет!» — деп:
                       —  Ағатай,  аңғалдықпен  аңғармаппын,
                       Келмесін  көңіліңе,  ғапу  ет! — деп,
                      Сонан  бері   Құрбантай  жұрт  аузында,
                       Қайратын  жыр  етісед  әңгімелеп,
                       Күректі  тастап  кейде  ол  шапса  забой
                      Болды   енді   құз  жарылып   құлағандай.
                      Біреуге  онды   қосып  оннан  да  асса,
                      Кідірді  есепшілер  санай  алмай.
                      Бухгалтер  есептеп  ед  күнделігін
                      Шот   қақты   қайта-қайта  нанбағандай.
                      Мадақтап   шахтер  сүйіп  атын   қойды,
                      Еңбектің  алыбы  деп  — ер   Құрбантай.
                                     *  *  *




                      Тыңдаңыз,   қалың  елім,  кеншілерім,
                      Кеңес  сөз  бәріңнің  де  еншілерің.
                      Соғыстан   аяған  жан,  жан  бола  ма?
                      Білесіз  бәріңіз  де  сөз  мөлшерін.
                      Хұрметті,   қасиетті   ұлы  Отаным,
                      Қол  сұқты  сол  отанға  фашист  залым,
                      Келеді  қалай   ұйқың,   қалай  күлкің,
                      Келгенше   жауын  жеңіп  бауырларың!
                      Көмірлі   ұлы  күшім — Қарағандым,
                      Келтірген  ат  бауырынан  жаудың   қанын,
                      Кеншілер,  өндір  көмір  Құрбантайдай
                      Қажырлы    мың-мыңдаған   қаһарманым.
                      Қимылдар   кезің  келді  естідің  бе,
                      Қас  дұшпан   туыстарға  не   қылғанын?
                      Аттандым   мен  де  жаудан  өшті  алуға,
                      Кек  кернеп,  естен  шықты  алпыстағым.
                      Көмір — оқ,  көмір  — ажал,  көмір  — жасыл,
                      Өртейтін  жаудың   жанын  көмір  — жалын,
                      Көмір  —  құрал,  көметін  жауды  көрге,
                      Көмірді  көп  теріңдер  жарқындарым!
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187